Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұл-қыздарымыз топ жарды!

Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың математика мен физика пәндері бойынша нәтижелер жарияланды.

Осы жарыста «Білім-инновация»лицейлерінің оқушылары үздіктер қатарынан шықты.

“Физика” пәні бойынша 7 алтын, 12 күміс және 20 қола медаль еншілеген білімгерлер, жалпы есепте 39 медальмен қанжығаны майлады. Жалпы есепте “физика” пәні бойынша таратылған медальдердің 53%-ын «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары жеңіп алды.

Ал, “математика” пәні бойынша 8 алтын, 14 күміс және 19 қола медаль жеңген БИЛ оқушылары, жалпы “математика” пәні бойынша 41 медальмен олжалы оралды. Жалпы есепте “математика” пәні бойынша озаттарымыз медальдердің 54% жеңіп алды.

Көңіл толқытып, көз қуантқан жетістіктер үшін талапты шәкірттеріміз бен жетекші, ата-аналарына зор алғыс!