Құндылықтарды дәріптеуге арналған бейне роликтер

Құндылықтарға негізделген білім беруді іске асыру шеңберінде мектеп қоғамдастығына мотивациялық бейнероликтерді қарау ұсынылады, олардың әрқайсысында жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі қарастырылады. Бейне роликтерді Қордың YouTube-каналында табуға болады: https://youtube.com/playlist?list=PLIFcpc4pr2ReOulRTFCKIDOoK1DZ5iVAl

Qundylyq Management System

“Qundylyq Management System” – ол мектептегі тәрбие үрдісін басқаруды іске асыруға арналған онлайн портал. Осы портал арқылы мектеп басшылығы мектептің тәрбие жұмысын басқару және тиімділігін бағалау мүмкіндігіне ие. Осы жүйе мұғалімдердің қызметіне және сынып көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуге, сондай-ақ ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептер шығаруға мүмкіндік береді. Толығырақ ақпарат https://qundylyq.kz/ сайтында берілген.

“Qadam” оқу-әдістемелік құралы

“Qadam” оқу-әдістемелік құралы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға және іске асыруға жауапты педагогтерге көмек ретінде құндылықтарға негізделген білім беруді іске асыру шеңберінде әзірленді. Құрал үш деңгейден тұрады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 сыныптар) және жалпы орта (10-11 сыныптар) білім беру. Құрал мазмұны мұғалімдердің оқу үрдісін жоспарлау, іске асыру және тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарды қамтиды. Бұл […]

«INFOMATRIX» халықаралық компьютерлік жобалар байқауы

Әлемдегі ең үздік IT оқушылардың басын біріктірген «INFOMATRIX» халықаралық компьютерлік жобалар байқауы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. «INFOMATRIX» байқауы Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 20 мемлекеттен 5000 жуық қатысушы келді. Үш күндік білім сайысында үздіктерге: «Қазақстан-Британ техникалық университеті» 3, «SDU University» […]

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ынтымақтастық меморандумына қол қойды «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте және «NIS» Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қос тараптың байланысын нығайту мақсатында келісімге келді. Қос оқу орындары ұстаздардың кәсіби біліктілігі, оқушылардың білімі мен әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, іскерлік кездесулер, семинар, конференциялар өткізуде өзара қолдау, бірлесе ақпарат […]

Түркістандық БИЛ-ге жаңа мектеп ғимараты берілді

Түркістан қаласында ер және қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің жаңа ғимараты қолданысқа берілді. Ашылу салтанатына ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, аймақ басшысы Дархан Сатыбалды және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте қатысты. Өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері ақжарма тілектерін арнады. Түркістан «Білім-инновация» лицейі 1992 жылы алғашқылардың бірі болып талапты оқушыларды қабылдаған білім ордасы. Күні бүгінге дейін […]

2024 жылғы облыстық олимпиада қорытындысы

Ағымдағы жылдың 4-6 қаңтар күндері елдің әр аймағында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары үздіктер қатарынан шықты. Жалпы есепте «Білім-инновация» лицей оқушылары 383 алтын, 457 күміс және 498 қола медальмен оралды. Бұл жетістік “Білім-Инновация” лицейлерінің оқушыларының дайындығы мен білімінің жоғары деңгейін растайды.