Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұл-қыздарымыз топ жарды!

Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың математика мен физика пәндері бойынша нәтижелер жарияланды. Осы жарыста «Білім-инновация»лицейлерінің оқушылары үздіктер қатарынан шықты. “Физика” пәні бойынша 7 алтын, 12 күміс және 20 қола медаль еншілеген білімгерлер, жалпы есепте 39 медальмен қанжығаны майлады. Жалпы есепте “физика” пәні бойынша таратылған медальдердің 53%-ын «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары […]

“Мектебі бар ауылда тіршілік бар”

Жаңаөзен қаласының орта мектептерінде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін тарату аясында «Мектеп, оқушы, ата-ана» атты алтын үштіктің маңыздылығына байланысты «Отбасының рухани өзегі – ұрпақ сабақтастығы» атты облыстық ата-аналар форумы ұйымдастырылды.  Форумның басты мақсаты – қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы және білімі, денсаулығы мен оның қауіпсіздігі сынды өзекті һәм өміршең тақырып қаузауға бағытталды. […]

Тараздағы тартысты жарыс

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты лицей-мектептің ұлдар оқушылары арасындағы волейболдан республикалық жарыс өткізілді. Ала допты шебер меңгерген командалар үздік ойын көрсетіп, нәтижесінде : Жалпы ойынға қатысқан 14 команда ішінен қара үзіп, жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Оймақтай он жыл

Тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы болған, ел болашағының жарқын үміткерлерін тәрбиелеген “SPECTRUM KINDERGARTEN” балабақшасына 10 жыл толды. Осынау оймақтай ғана 10 жыл ішінде жеткен жетістік, бағындырған белес аз емес. Балауса шақтың шаттығын мерейтой барысында балдырғандар күмбірлеген күй, әуезді ән, мың бұралған биімен көпшіліктің мерейін тасытты. Ұрпақ тәрбиесіне бүтіндей болмысын арнаған ұлағатты жандар марапатталды. Балабақшаның […]