Алматы мен Шымкентте “Жас көшбасшы-2024” құрылтайы өтті

“Білім-Инновация” қорының ұйымдастыруымен 3-мамырда Алматыда және 5-мамырда Шымкентте “Жас көшбасшы-2024” мектеп оқушыларының құрылтайы өтті. Бұл құрылтайлар жастарды көшбасшылыққа даярлау, олардың шығармашылық ойлауы мен креативтілігін дамыту, қоғамдағы мәдени және іскерлік мәдениетті нығайту мақсатында өткізілді. Аталмыш шара бірнеше ай бұрын Астана қаласында бастау алған еді. Алматы қаласындағы шараға қаланың жиырма екі мектебінен 70-ке жуық, ал Шымкент қаласындағы […]

БИЛ оқушылары 41-ші Балқан математикалық олимпиадасында Қазақстанға алтын және күміс медальдарды алып келді

27 сәуір мен 2 мамыр аралығында Болгарияның Варна қаласында 41-ші Балқан математикалық олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға 22 елден келген 130-дан астам оқушы қатысты. Қазақстаннан алты білімгер бақ сынап, оның ішінде Қостанайдағы БИЛ-дың 11-сынып оқушысы Жан Даутов және Тараздағы БИЛ-дың 10-сынып оқушысы Марғұлан Шарел болды. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медальді жеңіп […]

БИЛ оқушылары қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты

26-30 сәуір аралығында Өскемен, Қостанай және Астана қалаларында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ақтық кезеңі өтті. Бұл кезеңге еліміздің әр өңірінен 697 оқушы қатысты, нәтижесінде жалпы 317 жүлде сарапқа салынып, 162 қола, 94 күміс және 61 алтын медальға ие болды. “Білім-инновация” лицейлерінің оқушылары мына нәтижелерге қол жеткізді: Жалпы есепте: 6 алтын, 11 күміс, 21 […]