Республикалық “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасының ақтық кезеңі Астанада өтті
21-22 мамыр күндері Астана қаласында биыл 12-ші рет өткізіліп келе жатқан республикалық “Жарқын болашақ” қазақ тілі олимпиадасының соңғы кезеңі өтті. Олимпиаданың облыстық деңгейіне биыл 5,000-ға жуық оқушы қатысып, солардың ішінен 200 оқушы жеңімпаз атанып, қорытынды кезеңге жолдама алды. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «Білім-Инновация» ХҚҚ және «Дарын» РҒПО мұрындық болуымен өткізіліп […]
Астанада биылғы КТЛ ойындарының финалы өтті
18 мамыр күні Астана қаласында “Білім-Инновация” қорының ұйымдастыруымен “Көңілді тапқырлар лигасы” (КТЛ) ойындарының финалы өтті. Ол жыл сайын алдымен өңірлерде аймақтық форматта, содан кейін республикалық деңгейде өткізіледі. Финалға әр аймақтық додада жеңіске жеткен, сондай-ақ “Білім-Инновация” қоры президентінің кубогының жеңімпазын қоса алғанда, барлығы 6 команда қатысты. Олар: Бұл командаларды қолдау үшін еліміздің әр түкпірінен оқушылар, ұстаздар […]
Кәсіптік бағдар беру саласының беделді марапаты қор өкіліне табысталды
“Білім-Инновация” қорының кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Азамат Төлепбергенов 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша Жоғары оқу орындарын түсу бойынша мамандардың халықаралық ассоциациясы (International Association for College Admission Counseling) беретін беделді “Spring GEM Award 2024” марапатына лайық болды. Бұл марапат өз кәсібіне, әріптестеріне және шәкірттеріне деген адалдығын, сондай-ақ үздік тәжірибе, ізгі ниет, шығармашылық және этикалық әрекеттерді […]
Астаналық “Nurorda” мектеп-лицейі CIS халықаралық аккредиттеудің қорытынды кезеңінен өтіп жатыр
2024 жылдың 11-17 мамыры аралығында Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS) сарапшылар тобы халықаралық институционалдық аккредиттеудің соңғы кезеңін өткізу үшін Астана қаласындағы “Nurorda” мектеп-лицейіне келіп отыр. Аккредиттеу үрдісі 2020 жылы мектептің CIS-тың негізгі стандарттарына сәйкестігін растай отырып, алғаш рет “CIS мүшесі” мәртебесін алған кезде басталды. 2021 жылдың қараша айында мектеп аккредиттеу үрдісінің кезекті кезеңі болған “дайындық бағалауынан” […]
2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда ашылатын жаңа NURORDA Almaty мектеп-лицейінің тұсаукесері
NURORDA мектеп-лицейінің жаңа филиалы — NURORDA Almaty, 2024 жылдың қыркүйегінде Алматыда ашылады. Мектептің ресми тұсаукесері 2022 жылдың 11 мамырында Rixos қонақ үйінде өтті. Бұл шара барысында алматылық оқушылар, ата-аналар және қоғам мүшелері елордада 2007 жылдан бастап жұмыс істеп жатқан Nurorda мектебінің білім беру бағдарламалары мен құндылықтарымен жақын танысуға мүмкіндік алды. Ашылу қарсаңында NURORDA Almaty жаңа […]
Астанада “Q Talks – 2024” конференциясы өтті
4 мамыр күні “Білім-Инновация” қорының ұйымдастыруымен “Құндылықтарға негізделген білім беру” жобасы шеңберінде Астана қаласында еліміздің әр түкпірінен жиналған ұстаздар, ата-аналар және оқушылардың қатысуымен жыл сайынғы “Q Talks” (Qundylyq Talks) конференциясы өтті. Бұл шара мектептер арасындағы оқу-тәрбие жұмысына қатысты тәжірибе алмасудың жаңа форматы ретінде қабылданады. Конференцияға дейінгі уақытта “Құндылықтар – білім мен тәрбиенің алтын көпірі” атты […]
Алматы мен Шымкентте “Жас көшбасшы-2024” құрылтайы өтті
“Білім-Инновация” қорының ұйымдастыруымен 3-мамырда Алматыда және 5-мамырда Шымкентте “Жас көшбасшы-2024” мектеп оқушыларының құрылтайы өтті. Бұл құрылтайлар жастарды көшбасшылыққа даярлау, олардың шығармашылық ойлауы мен креативтілігін дамыту, қоғамдағы мәдени және іскерлік мәдениетті нығайту мақсатында өткізілді. Аталмыш шара бірнеше ай бұрын Астана қаласында бастау алған еді. Алматы қаласындағы шараға қаланың жиырма екі мектебінен 70-ке жуық, ал Шымкент қаласындағы […]
БИЛ оқушылары 41-ші Балқан математикалық олимпиадасында Қазақстанға алтын және күміс медальдарды алып келді
27 сәуір мен 2 мамыр аралығында Болгарияның Варна қаласында 41-ші Балқан математикалық олимпиадасы өтті. Бұл олимпиадаға 22 елден келген 130-дан астам оқушы қатысты. Қазақстаннан алты білімгер бақ сынап, оның ішінде Қостанайдағы БИЛ-дың 11-сынып оқушысы Жан Даутов және Тараздағы БИЛ-дың 10-сынып оқушысы Марғұлан Шарел болды. Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медальді жеңіп […]
БИЛ оқушылары қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты
26-30 сәуір аралығында Өскемен, Қостанай және Астана қалаларында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ақтық кезеңі өтті. Бұл кезеңге еліміздің әр өңірінен 697 оқушы қатысты, нәтижесінде жалпы 317 жүлде сарапқа салынып, 162 қола, 94 күміс және 61 алтын медальға ие болды. “Білім-инновация” лицейлерінің оқушылары мына нәтижелерге қол жеткізді: Жалпы есепте: 6 алтын, 11 күміс, 21 […]
Астана қыз БИЛ – мектеп оқушылары кәсіпкерлігінің V республикалық ENACTUS чемпионатының жеңімпазы
25-26 сәуір күндері Астана қаласында биыл бесінші рет мектеп оқушылары кәсіпкерлігінің республикалық ENACTUS чемпионаты өтті. Осы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үздік мектепттерден жиырма команда қатысты. Соның ішінде, Петропавл, Алматы және Астана қалаларында орналасқан “Білім-инновация” лицейлерінің оқушы командалары да қатысты. Екі күндік жарыстың нәтижесінде Астана қаласындағы қыздарға арналған “Білім-инновация” лицейінің бір топ оқушылары бас жүлдені ұтып алды. […]