“Білім-Инновация” қоры Президентінің беделді әлемдік жоғары оқу орындарына түскен оқушылармен кездесуі
«Білім-Инновация» қорының президенті Дархан Өте қорға қарасты мектептердің Гонконг, Вермонт және Калифорния университеттері сияқты беделді халықаралық университеттерге толық грантпен қабылданған үздік оқушылармен кездесті. Сонымен қатар, осы кездесуге LaunchX, Harvard University және Harvard Ventures-TECH сияқты жазғы зерттеу бағдарламаларына шақырту алған оқушылар да қатысты. Бұл оқушылар деректермен жұмыс жасау, нейроғылым, құқықтану және инженерия сияқты бағыттар бойынша білім […]
Қазақстан командасы Авиценна атындағы бірінші халықаралық биология олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді
Ағымдағы жылдың 9-14 маусымы аралығында Қазақстанның ұлттық командасы Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында өткізілген Авиценна атындағы биологиядан бірінші халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиада екі турдан тұрып, онда 18 елден 100-ден астам оқушы бақ сынады. Аталмыш додаға биология пәні бойынша олимпиадалық резервтен шақырылған сегіз оқушы қатысты. Соның ішінде алты оқушы “Білім-Инновация” қорына қарасты мекемелерде білім алуда. Сайыс нәтиже […]
Қазақстандық дарынды оқушылар физикадан 24-ші Азия олимпиадасында жетістікке жетті
2024 жылдың 3-10 маусымында Малайзияның Перак өңірінде орналасқан Тунку Абдул Рахман университетінің (UTAR) Кампар кампусында 24-ші физикадан Азия олимпиадасы (APhO) өтті. Бұл олимпиада 2000 жылы Индонезияда Халықаралық физика олимпиадасының (IPhO) негізінде құрылған және физикаға құштар оқушыларға арналған аймақтық дода ретінде қызмет етеді. Жарыс екі бөлімнен тұрады: бес сағаттық теориялық сынақ пен бес сағаттық зертханалық эксперимент. […]
Оқушыларымыздың Калифорниядағы Western Edge робототехника чемпионатындағы жетістігі
31 мамыр мен 2 маусым аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткен “Western Edge” чемпионатында “FLL Challenge” санаты бойынша робототехника жарысы болды. Бұл іс-шараға қор мектептерінен Қазақстан атынан екі команда қатысты: Астанадан “Spectrum” халықаралық мектебінің және Шымкенттен қыздарға арналған БИЛ мектебінің оқушылары. “Spectrum” мектебінің командасы роботтар жарысында 495 ұпай жинап, үздік 13 команданың қатарына енді. […]