Ата-аналар

Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара іс-қимылы жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығын терең түсіне отырып, ұйымдарымыз ата-аналарды оқу-тәрбие процесіне тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізеді.

Ата-аналармен жұмыс

Ата-аналарымыз ата-аналар комитетінің, кеңестердің және басқа да алқалы органдардың жұмысына белсенді қатысады. Ата-аналар үшін олардың психологиялық-педагогикалық ағартуы және денсаулық сақтау мақсатында үнемі практикалық семинарлар, тренингтер мен курстар өткізіледі. Біздің ата-аналар қоғамдастығы көптеген бірлескен іс-шаралар мен форумдар ұйымдастыра отырып, басқа оқу орындарының ата-аналарымен тәжірибе алмасуға үлкен мән береді.

Ата-аналардың белсенділігі балаларының мектептен түлеп ұшқаннан соң да жалғаса береді. Оқушыларымыз ата-аналары сияқты білім беру ұйымдарының өміріне белсенді қатысады, бір-бірімен ұдайы қарым-қатынаста болады. Қазіргі оқушылардың ата-аналары сияқты олар да ұйымдардың өміріне белсенді қатысып, бір-бірімен ұдайы қарым-қатынаста болады.

Ата-аналарға арналған шаралар

Қор жергілікті жерлерде білім беру ұйымдары өткізетін іс-шаралардан басқа, ата-аналар қоғамдастығы үшін ауқымды іс-шараларды өткізуге жәрдемдеседі және ұйымдастырады. Мұндай іс-шаралар әртүрлі сипатта болады:

Спорттық – спартакиадалар, жарыстар, эстафеталар;

Ғылыми-практикалық – форумдар, конференциялар, съездер;

Шығармашылық – конкурстар, көрмелер.

Ата-ана пікірлері