Астана қыз БИЛ – мектеп оқушылары кәсіпкерлігінің V республикалық ENACTUS чемпионатының жеңімпазы

25-26 сәуір күндері Астана қаласында биыл бесінші рет мектеп оқушылары кәсіпкерлігінің республикалық ENACTUS чемпионаты өтті. Осы сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үздік мектепттерден жиырма команда қатысты. Соның ішінде, Петропавл, Алматы және Астана қалаларында орналасқан “Білім-инновация” лицейлерінің оқушы командалары да қатысты. Екі күндік жарыстың нәтижесінде Астана қаласындағы қыздарға арналған “Білім-инновация” лицейінің бір топ оқушылары бас жүлдені ұтып алды.

Мықты бәсекелестер қатарынан үздік танылған қыздарымызды, жетекшілері мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз!