26-30 сәуір аралығында Өскемен, Қостанай және Астана қалаларында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ақтық кезеңі өтті. Бұл кезеңге еліміздің әр өңірінен 697 оқушы қатысты, нәтижесінде жалпы 317 жүлде сарапқа салынып, 162 қола, 94 күміс және 61 алтын медальға ие болды. “Білім-инновация” лицейлерінің оқушылары мына нәтижелерге қол жеткізді:
- Қазақ тілі: 3 күміс, 5 қола
- Қазақстан тарихы: 4 алтын, 2 күміс, 4 қола
- Құқық негіздері: 2 қола
- Ағылшын тілі: 1 алтын, 6 күміс, 10 қола
- Орыс тілі: 1 алтын
Жалпы есепте: 6 алтын, 11 күміс, 21 қола
Аталмыш білім додасына қатысқан және жүлделі орын алған барлық шәкірттерімізді, оларды жаттықтырған ұстаздар мен қолдау білдірген ата-аналарына шын жүректен алғыс білдіреміз.