“Білім-Инновация” қорының ұйымдастыруымен 3-мамырда Алматыда және 5-мамырда Шымкентте “Жас көшбасшы-2024” мектеп оқушыларының құрылтайы өтті. Бұл құрылтайлар жастарды көшбасшылыққа даярлау, олардың шығармашылық ойлауы мен креативтілігін дамыту, қоғамдағы мәдени және іскерлік мәдениетті нығайту мақсатында өткізілді. Аталмыш шара бірнеше ай бұрын Астана қаласында бастау алған еді. Алматы қаласындағы шараға қаланың жиырма екі мектебінен 70-ке жуық, ал Шымкент қаласындағы жиынға маңайдағы өңірлердегі он тоғыз мектептен 60-қа жуық оқушы қатысты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталмыш шаралар жас көшбасшыларға өз идеяларын жетекші мамандармен бөлісу, құнды тәлімгерлік ақпарат алу және болашақ ынтымақтастық үшін қарым-қатынас желілерін кеңейту мүмкіндігін берді. Бұл шара жыл сайын осы форматта өткізілетін болады.