Кәсіптік бағдар беру саласының беделді марапаты қор өкіліне табысталды

“Білім-Инновация” қорының кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Азамат Төлепбергенов 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша Жоғары оқу орындарын түсу бойынша мамандардың халықаралық ассоциациясы (International Association for College Admission Counseling) беретін беделді “Spring GEM Award 2024” марапатына лайық болды. Бұл марапат өз кәсібіне, әріптестеріне және шәкірттеріне деген адалдығын, сондай-ақ үздік тәжірибе, ізгі ниет, шығармашылық және этикалық әрекеттерді көрсеткен тұлғаларға беріледі.

Азамат мырза қорға қарасты білім беру ұйымдарымен және басқа да жетекші оқу орындарымен тығыз жұмыс жасап, кәсіптік бағдар беру саласындағы еліміздің дамуына зор үлес қосқан. Оның бұл жетістігін біз мақтан тұтамыз және болашақта да табысты қызмет етуін тілейміз.