Қазақстан командасы Авиценна атындағы бірінші халықаралық биология олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді

Ағымдағы жылдың 9-14 маусымы аралығында Қазақстанның ұлттық командасы Өзбекстан Республикасының Бұхара қаласында өткізілген Авиценна атындағы биологиядан бірінші халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиада екі турдан тұрып, онда 18 елден 100-ден астам оқушы бақ сынады.

Аталмыш додаға биология пәні бойынша олимпиадалық резервтен шақырылған сегіз оқушы қатысты. Соның ішінде алты оқушы “Білім-Инновация” қорына қарасты мекемелерде білім алуда. Сайыс нәтиже бойынша Қазақстан құрамасы сегіз медаль жеңіп алып, оның алтауын қор мектептерінің оқушылары иеленді:

Күміс медальдар:

  1. Амина Тынарбай – Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №10 “Білім-инновация” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
  2. Ғалымжан Бақтыбай – Астана қаласындағы дарынды ұлдарға арналған “Білім-инновация” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
  3. Дана Амангелді – Астана қаласының “Nurorda” мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

Қола медальдар:

  1. Нұртөре Төреханұлы – Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған “Білім-инновация” мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы;
  2. Аружан Алмашова – Қызылорда облыстық дарынды балаларға арналған №10 “Білім-инновация” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
  3. Рауан Есен – Жамбыл облыстық дарынды ұлдарға арналған “Білім-инновация” мамандандырылған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы.

Оқушыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта оқу мен ғылымда одан әрі табыс тілейміз!