Мұғалім профилі

Құрмет. “БИЛ” мұғалімі қоғамның, ұжымның және тұлғаның жеке басының құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтейді. Айналасындағы адамдарға қамқорлық жасайды. Ол оқушымен сенімді қарым-қатынас құра отырып, олардың аса күрделі өмірлік проблемалары мен жағдайларын шешуде көмек көрсетеді.

Адалдық

“БИЛ” мұғалімі ұстаздық қызметке терең ынтасымен атсалысады. Ол барлық оқушыларға әділдікпен қарайды және олардың тегіне, нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, балаға, ата-анасына немесе басқа заңды өкілдеріне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан бейтараптық танытады. Ол академиялық адалдық қағидаларын ұстанып, оның сақталуына барынша күш салады.

Кемелдену

“БИЛ” мұғалімі ішкі күш-қуатының мықты болуы үшін ынталандыру көздерін іздейді және сақтайды, ішкі күйзеліске жол бермейді. Әрдайым жаңа әдістер мен технологияларды зерттейді, тәжірибе жасаудан және білгендерін іс жүзінде қолданудан қорықпайды. Ол сын-пікірлерге ашық және өзгерістерге төзімді.

Ынтымақтастық

“БИЛ” мұғалімі мектепте және мектептен тыс жерлерде өзінің педагогикалық тәжірибесімен, идеяларымен және оқытудың әдіс-тәсілдерімен бөліседі. Ол балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі ата-ана рөлінің маңыздылығын түсінеді, сондықтан өз оқушыларының ата-аналарымен тығыз жұмыс

Патриотизм

“БИЛ” мұғалімі өз Отанын сүйеді, Отанға адал қызмет етуді мұрат етеді. Өзінің азаматтық борышын жауапкершілікпен атқара біледі.

Жауапкершілік

“БИЛ” мұғалімі әрқашан ынталандырушы және адамгершілік мінез-құлықтың үлгісі болуға ұмтылады. Ол ұдайы кәсіби шеберлігін арттырудың және мектептің дамуына өз үлесін қосудың жауапкершілігін сезінеді.

Кадрларды ротациялау жүйесі

Ұйымдарымыз еліміздің барлық аумағында орналасқандықтан, Қор басшылығы кадрларды ротациялау жүйесін қолданады. Бұл қызметкерлердің – мұғалімдердің, директорлар орынбасарларының және директорлардың бір ұйымнан екінші ұйымға ауысуын білдіреді.

Мұғалімнің үздіксіз дамуы

Қор “өмір бойы үйрену” қағидатының маңыздылығын түсіне отырып, тәрбиешілерді, мұғалімдерді және білім беру ұйымдарының басшы құрамын қолдау және дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, қызметкерлердің әртүрлі санаттағы оқушы және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу мақсатында – қажетті дағдылар мен құзыреттерді дамыту бойынша деңгейлік курстар әзірленді. Жыл сайын отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, семинарлар, тренингтер мен конференциялар өткізіледі. Жыл сайын отандық және шетелдік сарапшыларды тарта отырып, семинарлар, тренингтер мен конференциялар өткізіледі. Қызметкерлерді әртүрлі лауазымдық деңгейлердегі әріптестеріне әдістемелік және кәсіби сүйемелдеу және менторлық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта жұмыс жүргізе отырып, Қор ішкі және сыртқы ресурстарды іске қосады. Сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты ұйымдарымен белсенді ынтымақтастық жасайды.