Жарқын болашақ үшін сапалы білім мен саналы тәрбие
Елдің бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Ал, білім берудің мақсаты бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім берумен қатар, оларды жан-жақты, эмоционалды интеллектті, адами құндылықтарды дарыту арқылы рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу ол біздің басты – міндетіміз.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры құрылып, “Білім-инновация” лицейлерінің үйлестірушісі ретінде табысты қызмет атқаруда.
Сайтымыз арқылы Қорымыздың және “Білім-инновация” лицейлерінің жаңалықтарымен, жетістіктерімен, өтіп жатқан іс-шаралармен танысып отырасыздар деген ойдамыз.
Білім мен тәрбие саласында отандық және халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, бәсекеге қабілетті және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға жағдай жасау арқылы еліміздің адами капиталының дамуына үлес қосу.
Өте Дархан Ермаханұлы - 2001 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "тарих пәні мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы аталмыш университеттің тарих магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2001 жылы Астана қаласындағы "Білім-инновация" лицейінде (бұдан әрі - БИЛ) тарих мұғалімі ретінде бастады. 2005-2014 жылдары Семей, Өскемен, Қызылорда қалаларында "Білім-инновация" лицейлерінде директор қызметін атқарды. 2014 жылы "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" халықаралық қоғамдық қорының (бұрын "KATEV" қоры) вице-президенті лауазымына тағайындалды, ал 2015 жылдан бастап Қордың президенті қызметінде.
Дархан Өте Қордың президенті лауазымында жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы 2004 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетін "екі шет тілі: ағылшын тілі" мамандығы бойынша білім алаған. 2017 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде "Педагогика-психология" мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы "Білім-инновация" лицейінде (бұдан әрі - БИЛ) ағылшын тілі мұғалімі болып бастады. 2006 жылы аталмыш лицейде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болды. 2008-2019 жылдары Қостанай, Астана, Петропавл қалаларындағы “Білім-инновация” лицейінде, сондай-ақ Астана қаласында "NURORDA" мектеп-лицейінің директоры болып жұмыс істеді. 2019-2023 жылдары "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" халықаралық қоғамдық қорының оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі вице-президенті болып қызмет атқарды. 2023 жылдың тамыз айынан бастап Қордың бірінші вице-президенті болып тағайындалды.
Бірінші вице-президент лауазымында Е. Әубәкіров Қор қызметінің негізгі бағыттарына жетекшілік етеді, сондай-ақ кейде Қор президенті болмаған кезде оның міндеттері атқарады.
Қуат Бағдатұлы Қожахметов Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетін 2007 жылы "Математика" мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Сүлейман Демирель атындағы университетте "математика" мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Қуат Бағдатұлы еңбек жолын 2007 жылы Орал қаласындағы "Білім-инновация" лицейінде (бұдан әрі - БИЛ) математика пәнінің мұғалімі болып бастады. 2010-2013 жылдары Алматы қаласында БИЛ-де математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2013 жылы Астана қаласындағы "NURORDA" мектеп-лицейіне жұмысқа ауысып, 2013 жылдан бастап мұғалім, ал 2015 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, 2010 жылдан 2015 жылға дейін "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" ХҚҚ математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің басшысы қызметін атқарды. 2019 жылы "NURORDA" мектеп-лицейінің директоры болып тағайындалды. 2020-2022 жылдары Астана қаласындағы дарынды қыз балаларға арналған “Білім-инновация” лицейінің директоры болып жұмыс істеді. 2022 жылдың тамыз айынан бастап "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" халықаралық қоғамдық қорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі вице-президенті болып тағайындалды.
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі вице-президент лауазымында Қ. Қожахметов “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ оқу және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады, Қордың білім беру саласындағы тәжірибесін, сондай-ақ осы бағытқа байланысты өзге де міндеттерді насихаттауды ұйымдастырады.
Еңбек жолын 2014 жылы жеке компанияда бухгалтер болып бастады, онда есеп жүргізуде практикалық тәжірибе алды. 2017 жылы Корпоративтік қаржы саласындағы құзыреттерін кеңейте отырып, қаржыгер лауазымын алды.
2020 жылдан 2025 жылға дейін TGS Alatau консалтингтік компаниясының бас директоры қызметін атқарды, онда стратегиялық дамуға, жобалар мен қаржы ағындарын басқаруға және тиімді команда құруға жауапты болды.
Нурлаков Арофат Абдіхалықұлы окончил Павлодарский государственный университет в 2012 году по специальности “Учитель математики”. Также проходил обучение по программе MBA в университете “Fatih” в Турции и по курсу психологии в университете “Vizja” в Польше. В 2022 году окончил магистратуру “Yessenov University” по специальности “Педагогика и психология”.
Трудовую деятельность начал в 2012 году учителем математики и заведующим интерната в лицее “Білім-инновация” в г. Павлодар. В 2012-2016 годах работал учителем математики и активно занимался социальными проектами. В 2016-2023 годы руководил республиканским проектом по поддержке учителей и был председателем правления в общественном объединении «Mugalim». С 2023 года является вице-президентом Фонда по общественным связям.
В должности вице-президента Фонда по общественным связям А. Нурлаков курирует вопросы взаимодействия Фонда с общественностью, организации социально-культурных мероприятий Фонда, а также воспитательную работу в лицеях “Білім-инновация”.
“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” халықаралық қоғамдық қоры (бұдан әрі – “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ) 2016 жылы білім беру саласындағы көптеген бағыттарда Қазақстан Республикасының міндеттерін іске асыру мақсатында құрылды.
Қор қызметінің негізгі мәні “Білім-инновация” лицейлері мен өзге де білім беру ұйымдарының білім беру қызметін үйлестіру, осы ұйымдардың қызметіне әдістемелік және ұйымдастырушылық басшылықты жүзеге асыру, орта және жоғары білім беру жүйесін дамыту мақсатында басқа да мемлекеттік және жеке білім беру ұйымдарымен әріптестік желісін құру.
2016 жылға дейін “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ функцияларын 1997 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы “достық пен ынтымақтастық” туралы келісім шеңберінде құрылған “KATEV” Халықаралық қоғамдық қоры атқарды.
1997 жылдан 2014 жылға дейін Қордың орталық аппараты Алматы қаласында орналасты. 2014 жылы Қор басшылығы ел астанасына көшу туралы шешім қабылдады.
Қордың стратегиялық жоспарының мақсаты – қоғамның өзгермелі сұранысына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беру арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында қолайлы оқу ортасын қамтамасыз ету.
Білім берудің тиімділігі мен сапасын арттыру
Білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесін жетілдіру
Қазақ тілін дамыту
Кадр әлеуетінің сапасын арттыру
Тәрбие процесін жетілдіру
Материалдық-техникалық базаны дамыту
3 жылдық кезеңге есептелген – 2024 жылдан 2027 жылға дейін.