Ала допты алақанда ойнатқан арулар

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ басшылығындағы білім беру мекемелерінің қыздар оқушылары арасындағы волейболдан республикалық жарыс өтті. Осы шараға екі күн бойы 15 мектеп қатысты. Олардың ішінде 10 команда БИЛ-дан, ал қалған 5 команда аралас және жекеменшік мектептердің оқушыларынан құрылды.

Қызу талас пен тартысты ойындардың нәтижесінде:

  • Астана қ. қыздар БИЛ командасы бірінші орынды иеленді;
  • Шымкент қ. Қыздар БИЛ командасы екінші орынға жетті;
  • Тараз бен Ақтөбенің қыздар БИЛ командалары үшінші орынды бөлісті.

Салауатты өмір салтын ұстанып, үздік ойын көрсеткен біздің сымбатты аруларымызға және олардың жетекшілеріне шын жүректен құттықтауларымызды жолдаймыз!