Ана тілдің мерейін зау биікке шығарар бірлескен жоба.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте және Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжехан ұлттық мұратқа негізделген бірлескен жобалар аясында кеңінен талқылады.

Қос тарап тіл сауаттылығын арттыруға арналған ірі шараларды иық тіресе бірге еңсеруді көздейді. Мәселен, ел көлемінде баламасы жоқ «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі фестивалін өткізуде екеуара келелі һәм келісті уәж айтылды.

Тараптар қазақ тілінің қарқынды өсуінен қалыс қалмайтын тұшымды ойларды ортаға салды.