БИЛ қабылдау емтиханына тіркелу мерзімі ұзартылды

Еліміздің бір қатар өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына байланысты 2024-2025 оқу жылына “Білім-инновация” лицейлерінің конкурстық негізде іріктеуіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 19.04.2024 күніне дейін ұзартылғанын хабарлаймыз.

Үміткерлерді тіркеу bilemtihan.kz сайтында онлайн түрде іске асады. Емтихан 12 мамыр күні өтеді.

Толық ақпаратты bilemtihan.kz сайтынан немесе +7 700 332 32 32 нөмірі бойынша байланыс орталығынан алуға болады.