БИЛ оқушылары Түрікменстанда өткен математика пәнінен халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті

Түрікменстанда (Аркадаг қаласы) ұлы ойшыл, шығыстың классикалық ақыны Махтумкули Фрагидің 300 жыл толуына арналған Бірінші халықаралық математикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиадаға 13 мемлекеттен (Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Тәжікстан және т.б.) 130-ға жуық оқушы қатысты.

Қазақстан құрама командасы 15 оқушыдан құралып, олар, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Соның ішінде БИЛ оқушылары төмендегідей нәтиже көрсетті:

Күміс медаль иегерлері:

  1. Медеу Джубатыров – Маңғыстау облысы «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  2. Аяулы Абдуллаева – Қызылорда облысы №10 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  3. Алихан Серік – Астана қаласының «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  4. Нұрсұлтан Бекбосын – Астана қаласының «Білім-инновация» лицейінің оқушысы.

Қола медальдармен марапатталғандар:

  1. Алтын Сақтаған – Қызылорда облысы №10 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  2. Ердос Зермұханбетұлы – Қызылорда облысы №9 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  3. Нұраділ Шакетов – Қызылорда облысы №9 «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  4. Жантөре Мұрат – Астана қаласының «Білім-инновация» лицейінің оқушысы;
  5. Амирхан Құдайбергенов – Астана қаласының «Білім-инновация» лицейінің оқушысы.