БИЛ оқушыларының халықаралық Жәутіков атындағы олимпиададағы нәтижелері

2024 жылдың 8-13 қаңтар аралығында Алматы қаласында өткен XX халықаралық Жәутіков атындағы олимпиадада математика, физика және информатика пәндері бойынша «Білім-инновация» лицейінің оқушылары үздік нәтижелер көрсетті: Математикадан: 1 алтын, 9 күміс, 8 қола медаль; Информатикадан: 2 алтын, 6 күміс, 9 қола медаль; Физикадан: 1 алтын, 1 күміс, 8 қола медаль.

«Білім-инновация» лицейлерінің шәкірттері жалпы есеп бойынша Қазақстандық оқушылардың жеңіп алған 10 алтын медальдың 5-ін жеңіп алды. Сондай-ақ 16 күміс және 25 қола медаль «Білім-инновация» лицейінің еншісінде.

Биылғы олимпиадаға әлемнің 15 елінен 650-ден астам мектеп оқушылары қатысты.

Аталған олимпиадада «Білім-инновация» лицейінен 58 оқушы қатысып, олардың 46-сы жүлделі орындарға ие болды, бұл 79% жетістік көрсеткішін білдіреді.