“Білім-Инновация” қоры су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға барынша көмек көрсетті

“Білім-Инновация” қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары, қызметкерлері мен ата-аналары еліміздің әртүрлі өңірлерінде жақында болған су тасқынынан зардап шеккен отандастарға көмек көрсету жөніндегі ұлттық бастаманы белсенді қолдады.

Су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы оқушылар, ата-аналар және мектеп ұжымдары су тасқынының алдын алу және оның зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысты. Мектептерде ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкелері арқылы зардап шеккендерге қаржылық және материалдық көмек жиналды. Осы шаралардың арқасында жиналған 20 миллион теңге көлеміндегі қаржы зардап шеккен өңірлерді қолдау мақсатында әрі қарай тиісті қайырымдылық қордың шотына аударылды.

Осынау іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларымызға, олардың ата-аналары мен әріптестерімізге көрсеткен азаматтық белсенділігі мен шынайы патриотизмі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.