«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы ынтымақтастық меморандумына қол қойды

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте және «NIS» Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин қос тараптың байланысын нығайту мақсатында келісімге келді. Қос оқу орындары ұстаздардың кәсіби біліктілігі, оқушылардың білімі мен әл-ауқатын арттыруға жәрдемдесу, іскерлік кездесулер, семинар, конференциялар өткізуде өзара қолдау, бірлесе ақпарат бөлісу және тәжірбие алмасу сынды бірлескен жобалар құжатта көрсетілген.