Биология мен химия пәндері бойынша республикалық олимпиаданың нәтижелері

Павлодар қаласында 27-31 наурыз аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және биология пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадада еліміздің әр өңірінен келген 319 оқушы қатысты.

«Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді:

Биологи пәні бойынша оқушыларымыз 11 алтын, 18 күміс және 23 қола медаль иеленді. Барлығы – 52 медаль. Бұл нәтиже жалпы биология пәні бойынша берілген медаль санының 69.3%-н құрайды.

Ал, химия пәні бойынша БИЛ оқушылары 9 алтын, 11 күміс және 17 қола медаль иеленді. Барлығы – 37 медаль. Бұл нәтиже жалпы биология пәні бойынша берілген медаль санының 51.4%-н құрайды.