Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Хабарландыру

“Білім-Инновация” лицейлері жарқын болашақ үшін

28.03.2019

Read More

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына қабылдау

05.03.2019

Құрметті оқушылар және ата-аналар! «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаттарына оқушыларды тіркеу 2019 жылдың 12-наурызынан басталып, 27-сәуірге дейін (тіркеудің соңғы күні) жалғасатынын хабарлаймыз! «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі- БИЛ) түсуге ниет білдіруші үміткерлер – Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін білім беру ұйымының 6-шы сынып оқушылары (бұдан әрі-Үміткерлер) бола алады. Үміткер өз қаласындағы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіне келіп, тіркелуі қажет. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің мекен жайы мына сілтемеде көрсетілген: https://bil-edu.kz/object/ Конкурсқа қатысу үшін Үміткер құжаттарын Ережеде көрсетілген талаптарға сәйкес тапсыруы қажет. Конкурс 2 кезеңнен тұрады. Ережемен толығырақ танысу үшін: https://bil-edu.kz/talapkerge/ Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар талап етіледі: I кезең: 1) конкурсқа қатысу үшін өтініш (лицейден беріледі); 2)…

Read More

Алматыда «Owlypia» жарысының аймақтық кезеңі өтеді

08.02.2019

Алматыда «Galaxy» халықаралық мектебінің базасында 2019 жылдың 16-17 ақпан аралығында «Owlypia» жарысының аймақтық кезеңі өтеді. Байқаудың мақсаты – білім беруді жаңғырту тұрғысынан оқушылардың білімі, дүниетанымы және интеллектінің жалпы деңгейін, олардың дағдыларын түсіну және практикалық пайдалану арқылы арттыру. Бұл байқау 5 негізгі бағыт: 1) өнер және дизайн; 2) экономика жәнебизнес; 3) әдебиет және мәдениет; 4) жаратылыстану ғылымдары мен технологиялары; 5) әлеуметтік ғылымдар және «жалпы білім» бойынша өтеді. Жарыс: топтық (3 адам) жарыс болып табылады. Олимпиада ағылшын тілінде өтеді. Оқушылар екі жас категорияларында «Owlets» (11-14 жас) және «Owlys» (15-18 жас) қатыса алады. Қызығушылық танытқандар Owlypia веб-сайтында www.owlypia.org/register/ сайтында тіркеліп,тізімнен Алматы, Қазақстанды таңдаңыз….

Read More

Қабылдау емтиханына тіркелу басталып кетті

26.04.2018

Хабарландыру!!! Сәуір айының 29-ы күні еліміздегі барша “Білім-Инновация” лицейлерінде қабылдау емтиханының 1-кезеңі болады. Қабылдау емтиханына тек 6-сынып оқушылары ғана қатыса алады!!! Лицейлерде құжат қабылдау басталып кетті!

Read More

Қабылдау емтиханы

15.03.2018

Хабарландыру!!! Республикамыздың әр аймағындағы барша “Білім-инновация” лицейлері 29 сәуір күні қабылдау емтиханын өткізеді. Соған байланысты лицейлерде үміткерлерді тіркеу, құжат қабылдау жұмысы басталып кетті. Қабылдау емтиханына тек 6-сынып оқушылары ғана қатыса алады!!!

Read More

Республикалық үстел теннис, тоғыз құмалақ, шахмат жарысы

22.12.2017

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «БІЛІМ-ОРДА» ХҚҚ білім беру ұйымдарына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылар арасында өткізілетін Республикалық үстел теннис, тоғыз құмалақ, шахмат жарысының ЕРЕЖЕСІ      1. Мақсаты мен міндеті 1.1 Патриоттық сезім, отанға сүйіспеншілікті насихаттау. 1.2 Оқушылардың күнделікті дене тәрбиесімен және спортпен жаппай шұғылдануы. 1.3 Дене тәрбиесіне дайындықты күшейту. 1.4 Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.      2. Өткізілу орны мен уақыты 2.1 Жарыс 13 қаңтар 2018ж Алматы қаласында  ұл балалар арасында “Мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернаты” КММ-де, қыз балалар арасында “Сулейман Демирел атындағы мектеп-интернат-колледж” мекемесінде өткізіледі. Жарыстың ашылу салтанаты 13.01.2018 күні сағат 09.30да Алматы қаласы “Мамандандырылған “Білім-Инновация” лицей-интернаты” КММ өткізіледі. а) шахмат (кіші…

Read More

Кіші футболдан дәстүрлі Республикалық турнир

26.10.2017

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей оқушыларының арасында 2017 жылғы 2-3 қараша күндері Астана қаласындағы «NURORDA» мектеп-лицейінде кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтеді. Додаға «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің 7-8 cынып оқушыларынан құралған 250-ден аса команданың ішінен 220 оқушы іріктеліп, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған жалпы саны 27 команда өзара сайысқа түседі. Спорттық жарыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, оқушылардың денсаулығын жақсарту, оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сонымен қатар, футбол спортын дамыта отырып, қатысушылар арасынан атақты футболшылардың шығуына жол ашу. Бұл жарыс балалардың мектеп қабырғасында жүріп-ақ өздерін шебер ойыншы ретінде сезінуіне мүмкіндік береді.

Read More

Келесі апта – Жаратылыстану пәндер апталығы (физика, химия,биология)

02.10.2017

Қазан айының 9-13 күндері аралығында “Білім-инновация” лицейлерінде Жаратылыстану пәндер апталығы (физика, химия,биология) өтпек. Апталықта ұйымдастырылатын қызықты іс-шаралардан хабардар болғыларыңыз келсе, назарларыңыз лицейлердің инстаграмында болсын!  

Read More

Blog Search

Side Widget Well

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Inventore, perspiciatis adipisci accusamus laudantium odit aliquam repellat tempore quos aspernatur vero.

Серіктестер