17.11.2018
16-17 қараша күндері Тараз қаласындағы «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында «Білім-Инновация» және «Білім Орда» ХҚҚ-на қарасты білім беру ұйымдарының оқушы қыздар арасында Республикалық волейбол турнирі өтті. Дәстүрге айналған шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайту. Спорттық шараға еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам жас спортшы жиналды. Атырау, Петропавл, Қызылорда, Шымкент, Алматы өңірлерінен 11 команда келіп, өзара мықтыны анықтады. Бас жүлде Петропавл қаласы «Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернаты»командасына бұйырды. I орын Тараз қаласы Жамбыл экономика және есеп колледжі иеленді. II орынды Алматы қаласы «Сулейман Демирел атындағы колледж-лицейі» командасы қанжығасына байлады. III орын Тараз қаласы «Айша…
Read More03.11.2018
2-3 қараша күндері Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен кіші футболдан республикалық жарыс өтті. Республикалық кіші футбол жарысы биыл 6-рет ұйымдастырылып отыр. Сайысқа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты ұйымдарының және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ меморандум жасасқан мектептердің 7-8 сынып оқушыларынан құралған 27 команда, барлығы 250-ге жуық оқушы қатысты. Ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық футбол департаменті директорының орынбасары Серік СӘРСЕНБЕКОВ, «Білім-инновация» ХҚҚ Президенті Дархан ӨТЕ және «Білім Орда» ХҚҚ Президенті Дарханбек ҚОЖАБЕКОВ қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Бірінші күні таласқа толы ойындар қызықты да тартымды болып, жанкүйерлер тақымын қысып отырды. Нәтижесінде қарсыластарын…
Read More12.10.2018
«ЖАС КӨШБАСШЫ – 2018» құрылтайының қатысушылары 12 қазан күні Тәуелсіздік сарайында өткен «ASTANA EDUCATION FAIR 2018» атты әлемдік және отандық үздік университеттердің көрмесіне қатысты. Көлемді білім көрмесі биыл жетінші рет ұйымдастырылды. Қазақстанның Алматы, Атырау қалаларында басталған жоба Елордада жалғасын тапты. Қазақстан, АҚШ, Қытай, Ресей, Оңтүстік Корея, Германия, Польша, Гонконг және Ұлыбританияның алдыңғы қатарлы университеттерінің өкілдері өз мүмкіншіліктерін ұсынды. Жас көшбасшылар аталмыш білім көрмесіне қатысу арқылы, үздік оқушылар үшін түрлі білім гранттарын ұтып алу мүмкіндігі барын біліп, көкейде жүрген сауалдарына жауап алды. Артынша «Білім-Инновация» лицейлерінің үздік шәкірттері құрылтай барысында бірнеше топқа бөлініп, әлеуметтік жобаларын ұсынды. Озат оқушылар өзара пікір алмасу арқылы…
Read More11.10.2018
Ағымдағы жылдың 11-12 қазан күндеріне белгіленген «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы аясында «Білім-Инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері арасында «ЖАС КӨШБАСШЫ-2018» құрылтайы басталды. Оған Қазақстанның әр аймағындағы «Білім-Инновация» лицейлері президенттерінен (өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері) құралған оқушылар қатысуда. Екі күндік құрылтай аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-тәжірибе арқылы көшбасшылық қабілеттерін жетілдіруде. Құрылтайдың бірінші күні «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның вице-президенті Нұрбол Төлебаев «Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы «білімнің салтанат құруы», «ұлттық бірегейлікті сақтау», «бәсекеге қабілеттілік» төңірегінде сөз қозғап, жас көшбасшыларға маңыздылығын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ жігерлі жастар журналист, «Жайық пресс» ақпараттық…
Read More22.09.2018
Ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйек аралығында «PR4U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдастыруымен «Білім-Инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру ұйымдарындағы медиа саласына жауапты жас мамандарға арналған «Modernizing PR branch at BIL schools» атты семинар-тренинг өтті. Шараның мақсаты – жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, ақпараттық-коммуникативтік технологиялар бағытындағы білімдерін жетілдіру және «Білім-Инновация» лицейлеріндегі SMM жұмысын жаңғыртуға, контент маӊызын дамытудыӊ жолдарын үйретуге бағытталған. Семинар-тренингте блогер, el.kz порталының бас редакторы – Бэлла Орынбетова, kazaknews.kz сайтының жетекшісі – Доған Йылдыз, «USTAZ» кәсіби білім беру орталығының академиялық директоры Нұрлан Имангалиев, «Білім Орда» ХҚҚ-ның заңгері Жасұлан Ахметов, әлеуметтік желісінің белсенді пайдаланушысы Гульназ Алибекова қатысушыларға дәріс оқыса, Өскемен «NURORDA»…
Read More17.09.2018
Бүгінде әлемге атағы шығып, небәрі 13 жасында жаһанға танылған Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында тұратын Бүркітші қыз – Айшолпан Нұрғайыпқызы бір сұхбатында Қазақ елін көруді армандайтыны жайлы айтқанын көрген болатынбыз. «Білім-Инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорлары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың салт-дәстүріндегі асыл құндылықтардың бірі – құсбегілік өнерін игерген қанатты қыздың арманын орындауды жоспарлап, 12-19 қыркүйек аралығында бүркітші қыз Айшолпан мен оның әкесін Қазақстанға алып келу үшін арнайы сапар ұйымдастырды. Басты мақсат – қазақтың ғана емес, күллі көшпенділердің абыройын көкке көтеріп жүрген Айшолпанның мысалы арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім оятып, халқымыздың мол мұрасын насихаттау. Сондай-ақ сапар барысында Баян-Өлгей аймағында 14-15…
Read More03.09.2018
Білім күні қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лиицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жаңа ғимаратының есігін ашты. Елорданың 20 жылдығы шеңберінде қолдануға берілген білім шаңырағының ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Орсариев Арын Амангелдіұлы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының Президенті Дархан Өте қатысты. 800 орынға шақталған бұл білім ошағында үлкен акт залы мен спорт залы, асхана және топтық жұмыстармен айналысуға ыңғайлы шағын кабинеттер бар. Пәндік кабинеттер заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жаңа ғимарат ашылғанға дейін лицей оқушылары №17, 48, 72, 81-мектеп мекемелерінің ғимаратында білім алып келген. 2003 жылы ашылған білім ордасы араға 15 жыл салып өзінің…
Read More04.11.2017
2017 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылардың денсаулығын жақсарту, оқушылар арасында бауырмалдық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында «Білім-инновация» лицей (бұрынғы «Қазақ-түрік» лицейлері) оқушылары арасында кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті. Додаға «Білім-инновация» лицейлерінің 7-8-сынып оқушыларынан құралған 250-ден аса команданың ішінен 217 оқушы іріктеліп, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған жалпы саны 27 команда өзара сайысқа түсті. Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы орта білім депаратаментінің директор орынбасары Маусымбаева Айнұр Толқынқызы, Республикалық таэквондо федерациясының вице-президенті, Пекин олимпиадасының қола медаль иегері Чилманов Арман Константинұлы, «Білім-инновация» ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте мен президент кеңесшісі Нұрбол Төлебаев, «Білім Орда» ХҚҚ-ның вице-президенті Абдуррахман…
Read More23.10.2017
20-21 қазан күндері «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» (бұрынғы «KATEV») Халықаралық қоғамдық қорына қарасты өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері арасында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» патриоттық бағыты аясындағы «ЖАС КӨШБАСШЫ-2017» Құрылтайы өтті. Оған Қазақстанның әр аймағындағы «Білім-инновация» лицейлерінің (бұрынғы «Қазақ-түрік» лицейлері) мектеп президенттерінен (өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілері) құралған 36 оқушы қатысты. Бірінші күні сағат 9:00-де «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте және президенттің кеңесшісі Нұрбол Төлебаев мырзалармен кездесті. Ұлағатты ұстаздар оқушыларға Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы “ұлттық код”, “білімнің салтанат құруы”, “ұлттық бірегейлікті сақтау”, “бәсекеге қабілеттілік” сияқты мәселелердің маңыздылығын түсіндірді. Сағат 11:00-де еліміздің алдыңғы қатарлы білім ордасы – Назарбаев Университетіне танымдық саяхат жасады. Университеттің…
Read More14.10.2017
Read More