18.10.2018
16 қазан күні Өскемен «Нұрорда» мектеп-лицейінде химия ғылымдарының докторы, профессор, Кентукки университетінің (АҚШ) «Құрметті профессоры», Атлантис университетінің (АҚШ) «Жаратылыстану ғылымдарының құрметті докторы», «Парасат» орденінің иегері Мамбетказиев Ережеп Әлхайырұлымен кездесу өтті. Кездесуге «Нұрорда» мектеп-лицейінің 9-11 сынып окушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Шара барысында Ережеп Әлхайырұлы, Қазақстан және шетел мемлекеттеріндегі білім саласының ерекшеліктері мен артықшылықтарын айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Сөзінің соңында профессор, Қазақстан-Американдық еркін университетіне танымдық саяхат жасап, қонақ болуға шақырды.
Read More02.07.2018
Заманға сай білім беру болашағы жарқын ұрпақты тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Осындай миссияны өз деңдейінде атқарып жатқан Елордадағы «Spectrum» Халықаралық мектебі деп айтуға толықтай негіз бар. Биыл алғашқы түлектерін түлеткен білім ордасының аз уақытта жеткен жетістіктері де аз емес. Оқу ордасының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында мектеп директорының орынбасары Нұх Өздин мырзамен сұхбаттасқан болатынбыз. Журналист: Қайырлы күн Нұх мырза! Алғашқы сұрақты мамандығыңызға байланысты қойғым келіп отыр. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін мұғалімдік мамандықты қалай таңдадыңыз? Не түрткі болды? – Мен Түркияның Кайсери қаласында дүниеге келдім. Кайсери халқы ақша мен сауда-саттық қатты жақсы көреді. Соңғы сыныпқа дейін мұғалім боламын деген ой үш ұйықтасам…
Read More30.09.2017
Талдықорған “Білім-инновация” лицейінде “Еңбегімен ер атанған жерлестер” атты кездесу кеші болып өтті. Қонаққа қала әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен, еліміздің майталман журналисті, “Айтуға оңай” бағдарламасының жүргізушісі, Жетісу телекомпаниясының бас директоры Құранбек Бейсен және 2008 жылғы Пекин олимпиадасының қола жүлдегері, әлемге әйгілі спортшы, Алматы облысының Жоғарғы спорт мектебінің директоры Нұрбаxыт Теңізбаев мырзалар келді. Сұxбат барысында ата-ананы құрметтеу, достықты бағалау, әдептілікті сақтау, ерінбей білім іздеу және мақсатқа жету жолында аянбау керектігі туралы тартымды әңгімелер айтылды. Кездесу соңында оқушыларға сыйлықтар беріліп, “Досқа тілек” әні шырқалды. Аға буынмен жас қауым арасындағы байланыс еш үзілмесе екен деп тілейміз!
Read MoreLorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Inventore, perspiciatis adipisci accusamus laudantium odit aliquam repellat tempore quos aspernatur vero.