Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Мерекелер

1-қыркүйек “Білім күні”

01.09.2019

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз! 1-қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Абай атамыз: «Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі» деген екен. Сондықтан бүгінгі жастар білім жинауға қашанда асығып, тәуелсіз еліміздің игілігі жолында білімдерін ел кәдесіне жаратып, болашақта озық ойлы, өрісі кең, өрелі азаматтары болуы қажет. Осы жолда қажымай, талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз! Қадірлі жас! Жаңа оқу жылында биік белестерге жетіп, білімнің заңғар шыңынан көрініңіздер. Бүгінгі жаймашуақ мереке күні сіздерге жақсы…

Read More

ҚР Конституция күні құтты болсын!

30.08.2019

Қымбатты достар! Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы егеменді еліміздің даңғыл жолының іргетасы. Бұл мереке Қазақстан Республикасының игілігі үшін жасалатын барлық бастамаларымыз бен жаңашылдықтарымызға сенімділік береді! Барлық қазақстандықтарға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз.

Read More

Жаңа жыл құтты болсын!

01.01.2019

Баршамызға жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылда әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Поздравляем всех с наступающим Новым Годом. Желаем, чтобы в Новом Году сбылись все запланированные цели, и оставались здоровыми и счастливыми.

Read More

Тәуелсіздік күні құтты болсын!

16.12.2018

Құрметті “Білім-Инновация” лицейлерінің ата-аналары, ұстаздары және шәкірттері! Баршаңызды республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!⠀Ұлық мерекеде отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, толағай табыс тілейміз! Қадамы батыл, қарыштап дамыған еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!⠀Мерекелік лебізбен, “Білім-Инновация” ХҚҚ

Read More

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні құтты болсын!

01.12.2018

Баршаңызды 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!⠀Отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күні елімізге өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа – мол табыс, бақ-дәулет тілейміз!⠀Изгі ниетпен, “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қоры⠀

Read More

Blog Search

Side Widget Well

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Inventore, perspiciatis adipisci accusamus laudantium odit aliquam repellat tempore quos aspernatur vero.

Серіктестер