Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Мұғалімдерге

Тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстары

11.10.2018

Биылғы жылдың 24 тамызынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы арасында жасалған келісімнің аясында, білім беру саласындағы ағылшын тілін меңгерген биология, химия, физика және информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курстары басталды. Курстың мақсаты – жан-жақты әдістемелік көмек көрсету арқылы педагог қызметкерлердің кәсіби құзыретін дамыту. Дәрістер тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курсының авторлық білім беру бағдарламасы бойынша өткізіледі. Тәлімгерлік бойынша біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы үш тілді білім беру моделіне көшуге, өз пәнін ағылшын тілінде оқыта білуге,  ағылшын тілін В1 және жоғары деңгейде меңгерген жаратылыстану-ғылыми бағыттағы мұғалімдерге бағытталған. Курстар аудан және облыс орталықтарында, Астана, Алматы…

Read More

«ХХІ ғасыр педагогы» біліктілікті арттыру курсы

09.10.2018

Ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы арасында жасалған шарт шеңберінде биология, химия, физика, информатика пәндерінің мұғалімдеріне арналған «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру курсы басталды. Курстың негізінде ағылшын тілінің В2 деңгейі мен пәндік курсты игеру бойынша В2 деңгейі оқытылуда. Курсты өткізудегі мақсат – ағылшын тілін В2 деңгейіне дейін меңгеруді және өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйрету. Курс «ХХІ ғасыр педагогы» атты авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Аталмыш бағдарлама еліміздің үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің биология, химия, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру…

Read More

«USTAZ» мұғалімнің білімін жетілдіреді

04.10.2018

Биылғы жылдың 6 тамызынан бастап еліміздің білім және ғылым министрлігі мен «USTAZ» кәсіби оқыту орталығы арасында жасалған шарт аясында «Биология», «Химия», «Физика», «Информатика» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «ХХІ ғасыр педагогы» атты біліктілікті арттыру курсының 2-кезеңі басталды. Осы курс арқылы аталған пәндердің мұғалімдері өз жұмысынан қол үзбестен пәндік курсты игере алады. Бұл курстың мақсаты – өз пәнін ағылшын тілінде оқыту негіздерін үйретуді көздейді. Дәріс «ХХІ ғасыр педагогы» атты авторлық білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілуде. «ХХІ ғасыр педагогы» бағдарламасы еліміздің үш тілді білім беру жүйесіне көшу шеңберінде жалпы білім беретін мектептердің биология, химия, физика және информатика пәндерінен сабақ беретін мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының…

Read More

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

28.08.2018

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы жарлығы бойынша Тараз БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінің директоры Ахмет Гази Чолак “Астана 20 жыл” мерекелік медалімен марапатталды. “Білім-Инновация” Халықаралық Қоғамдық Қоры  атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, биіктерден көріне беріңіз деген тілектеміз!

Read More

«Мерейлі ұстаз-ана»

06.10.2017

2017 жылдың 30 қыркүйегінде Павлодар дарынды ер балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында «Мерейлі ұстаз-ана» атты бар ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, бақытты ана, қадірлі әріптес Көбешева Бақыт Тұрысбекқызына арналған кеш өтті. Мерейлі ұстаз, білім саласына көпжылдық еңбегі сіңген Бақыт Тұрысбекқызына арналған осы мерекелік кеш ұстаздар күніне орайластырылып өткізілді. Бұл кешке Астана қаласынан «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорынан, «БІЛІМ-ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорынан, Павлодар облысының білім беру басқармасынан арнайы қонақтар және Бақыт Тұрысбекқызының қолынан түлеп ұшқан қазақ-түрік лицейінің түлектері жиналды. Осы кеште Бақыт апайға арналған жылы лебіздер мен ыстық тілектер ағыны толастамады. Салтанатты кеште Павлодар облысы білім беру басқармасы мектепке дейінгі және жалпы…

Read More

«2017 жылдың үздік педагогі»

05.10.2017

Республикалық конкурстық комиссия «Үздік педагог» атағын тағайындады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Үздік педагог» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның 2017 жылғы 28 қыркүйектегі отырысының қорытындысы бойынша мектепке дейінгі және жалпы орта білім жүйесі бойынша «2017 жылдың үздік педагогі» атағының иегерлері белгілі болды. “Білім-инновация” лицейлерінен 4 мұғалім марапатталды.    1.  Қошанов Серік  Сүлейменұлы Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы № 17 орта мектептің химия және биология пәнінің мұғалімі     2. Кинцель Александр  Евгеньевич Ақмола облысы  Степногор қаласындағы № 6 Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының биология пәнінің  мұғалімі     3. Қалиева Әсел  Өтегенқызы Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы № 11…

Read More

Blog Search

Side Widget Well

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Inventore, perspiciatis adipisci accusamus laudantium odit aliquam repellat tempore quos aspernatur vero.

Серіктестер