Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Олимпиада

Қазақстандық оқушылар химия пәнінен Парижде өткен 51-ші Халықаралық олимпиада 1 күміс, 3 қола медальге ие болды

02.08.2019

Парижде химия пәні бойынша 51-ші Халықаралық олимпиаданың жабылу салтанаты өтті. Олимпиадаға әлемнің 80 елінен оқушылар қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан құрама командасының мүшелері 1 күміс, 3 қола медальдарға ие болды: Черданцев Владислав – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы (мұғалімі – Молокова Ирина Николаевна) – күміс медаль; Мельниченко Даниил – Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы (мұғалімі – Бабичь Ирина Михайловна) – қола медаль; Көпенов Нұрлыхан – Өскемен қаласындағы “Білім -инновация” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (мұғалімі – Хасен Темирлан) – қола медаль; Нурпейсов Олжас – Қарағанды қаласындағы “Білім-инновация” лицей-интернатының 11 сынып оқушысы…

Read More

Қазақстан құрамасы Венгрияда биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадада 3 қола медальге ие болды

02.08.2019

14-21 шілде аралығында Венгрияда биология пәнінен өткен халықаралық олимпиадада Қазақстан құрамасының мүшелері қола медальге ие болды! Биология пәні бойынша халықаралық олимпиада (IBO) әр елдің орта мектептерінің оқушылары арасында өткізілетін жоғары жарыс. Қазақстан құрама командасы құрамындағы: Қуантай Аманжол – Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы – қола медаль; Баймұратов Мейірбек – Ақтөбе қаласы, дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы – қола медаль; Тұртемір Әділет – Тараз қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы – қола медаль иегерлері. Жеңістеріңіз құтты болсын! Білімдеріңіз шыңдап, бағындырар белестеріңіз көп болсын!

Read More

Ұлыбританияда өткен Халықаралық математика олимпиадасының нәтижелері белгілі болды

02.08.2019

2019 жылғы 11-22 шілде аралығында Қазақстан құрама командасы Бат қаласында (Ұлыбритания) өткен математика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиадаға 112 елден, барлығы 621 оқушы қатысты. 60-шы халықаралық математика олимпиадасының қорытындысы белгілі болды.  Биылғы жылы төмендегі оқушылар олимпиадаға қатысып Қазақстан құрама командасы 2 күміс және 4 қола медаль иеленді: Билялов Шынғыс – Алматы қаласы «Hаileybury» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы – күміс медаль; Дуйсенбеков Данат – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы – күміс медаль; Зиманов Алихан – Алматы қаласы «Tamos Education» физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы – қола медаль; Шынтас Нұртас – Алматы қаласы «Hаileybury»…

Read More

Жақсы жаңалықтар легі таусылмасын!

29.07.2019

7-15 шілде аралығында Тель-Авив қаласында (Израиль) өткізілген физика пәні бойынша халықаралық олимпиадада Семей қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы Мағауин Расұл – қола медаль иеленді! Аталмыш олимпиадаға «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мәліметі бойынша, 78 елден, барлығы 363 оқушы қатысқан. Алғаш рет олимпиада 1967 жылы Варшавада өткізілсе, биылғы жылы мерейтойлы 50-ші рет өткізілді. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 1997 жылдан бастап қатысып келеді. Қатысушылар өз білімдері мен дағдыларын екі тур аясында көрсеткен. Бірінші тур орта мектепте оқылатын физиканың кемінде төрт бөлімін қамтитын теориялық тапсырмаларды шешуге арналса, кейінгісі тәжірибелік, онда оқушылар зертханалық жұмыстарды орындаған. Қорытынды жеке есепте шығарылған….

Read More

“Білім-Инновация” лицейінің оқушылары биология пәнінен Венгрияда өтетін халықаралық олимпиадаға қатысады

29.07.2019

2019 жылғы 14-21 шілде күндері аралығында Венгрияда өтетін биология пәні бойынша халықаралық олимпиадаға қатысу үшін Қазақстан құрама командасы жолға шықты. Биология пәні бойынша халықаралық олимпиада (IBO) әр елдің орта мектептерінің оқушылары арасында өткізілетін жоғары жарыс болып табылады. Қатысушы елдердің әрқайсысы ұлттық жарыстардың жеңімпаздары қатарынан төрт оқушыны жібереді. Қазақстан құрама команда мүшелері: Қуантай Аманжол – Нұр-Сұлтан қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы; Баймұратов Мейірбек – Ақтөбе қаласы, дарынды жасөспірімдерге арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы; Өтей Санжар – Атырау қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы; Тұртемір Әділет – Тараз қаласы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Командамызға сәттілік тілейміз! Бұл…

Read More

Білім додасындағы тағы бір жеңіс!

29.07.2019

Якутияда өткен «Туймаада» халықаралық олимпиадасында “Білім-Инновация” лицейлерінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Олимпиада қорытындысы бойынша, дарынды ұл балаларға арналған Атырау “Білім-Инновация”лицейінің оқушысы, осыған дейін бірқатар білім бәйгесінде абсолютті жеңімпаз атанып жүрген Мырзатаев Айбек, математика пәнінен жасөспірімдер лигасында алтын медальге ие болды! Сонымен қатар, xимия пәнінен дарынды ұл балаларға арналған Нұр-Сұлтан қаласы “Білім-Инновация” лицейінің 2 оқушысы қатысып, жақсы көрсеткіш көрсете білді. Олар: Сейсенкұл Бақдәулет – Менделеев кестесінің 150 жылдығына орай дайындалған тапсырманы үздік орындағаны үшін құрмет грамотасымен және арнайы жүлдемен марапатталды. Ал Қожаxметов Ернұр – қола медаль иегері атанды.  Сондай-ақ, xимия пәнінен дарынды қыз балаларға арналған Шымкент “Білім-Инновация” лицейінің оқушысы Абдугафарова…

Read More

Жас математиматиктер халықаралық олимпиадаға қатысу үшін Ұлыбританияға аттанды

29.07.2019

2019 жылғы 11-22 шілде аралығында Қазақстан құрама командасы Бат қаласында (Ұлыбритания) өтетін математика пәні бойынша халықаралық олимпиадаға қатысады. Алғашқы олимпиада жеті елдің қатысуымен 1959 жылы Румынияда өтті. Соңғы жылдары олимпиадаға 5 құрлықтан 100-ден астам ел қатысады. Әрбір ел алты қатысушыдан, жетекшісінен және ғылыми жетекшісінен аспайтын команда ұсынады. Қазақстан құрама командасының құрамында мықты математиктер: Билялов Шынғыс – Алматы қаласы «Hаileybury» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы; Зиманов Алихан – Алматы қаласы «Tamos Education» физика-математика мектебінің 10 сынып оқушысы; Шынтас Нұртас – Алматы қаласы «Hаileybury» халықаралық мектебінің 11 сынып оқушысы; Дуйсенбеков Данат – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып…

Read More

Халықаралық пән олимпиадаларына қатысатын оқушыларға сәттілік!

29.07.2019

Жылдың осы уақыты, әсіресе шілде-тамыз айлары ғылым бәсекесінің алғашқы әрі маңызды басқышы саналатын пән олимпиадасына қатысатын оқушылар үшін ең маңызды кезең. Жалпы пән олимпиадасы – бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастарды дайындайтын ең ауқымды әрі маңызы зор бағдарламалық бәсеке. Бүгінде әлемнің жүзден астам елінде пән олимпиадалары өткізіледі. Жыл сайын Қазақстан құрамасы физика, математика, биология, география және информатика пәндерінен халықаралық пән олимпиадаларына қатысып, еліміздің қоржынын медальдермен толтырып келеді. Жүйелі дайындық пен тынымсыз еңбектің арқасында биылғы халықаралық пән олимпиадасына қатысып жатқан оқушылардың тізімі суретте көрсетілген. Халықаралық пән олимпиадаларында ел намысын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік жолдас болғай!…

Read More

Алматы «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары халықаралық олимпиадада топ жарды

16.01.2019

2019 жылдың 9-15 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінде ХV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Биыл дәстүрлі олимпиадаға Ресей, Түркия, Грузия, Белоруссия, Болгария, Дания, Румыния, Сербия, Өзбекстан, Түркіменстан және АҚШ секілді әлемнің 18 елінен 520-дан астам оқушыдан құралған 80 команда қатысты. Бұл олимпиада физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектеп шәкірттерінің үш бірдей пәннен сынға түсуімен ерекшеленеді. Жеңімпаздарды халықаралық дәрежедегі әділқазы алқасының мүшелері анықтады. Олимпиадаға қатысқан 520 оқушының 175-і өзіміздің қаракөздер болса, оның ішіндегі 50 оқушы Республикалық физика-математика мектебінен. Информатика пәнінен Алматы «Білім-Инновация» лицейінің 11-сынып оқушылары Алмас Әбілханов пен Арафат Бауыржанұлы алтыннан алқа тақса, 10-сынып оқушысы Тұрсынбай Дінмұхаммед күміс медаль иеленді. Қазақстан мектептерінің…

Read More

XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

15.01.2019

2019 жылдың 9-15 қаңтар аралығында, Алматы қаласында XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен келген 525 дарынды оқушы математика, физика және информатика пәндерінен білімдерін сынға салды. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға 50 алтын, 72 күміс, 121 қола медаль табысталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы өте жоғары нәтиже көрсетті: алтын медаль мен бірінші орынды «SPECTRUM» халықаралық мектебінің оқушысы Курбанбаев Жан информатика пәні бойынша жеңіп алды. Математика пәні бойынша, күміс медальдар мен екінші орынды Есенгелді Нұрдәулет, Ашкен Абылай, Раушанов Мәрлен, «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары, «SPECTRUM» халықаралық…

Read More
Next Page »

Blog Search

Side Widget Well

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Inventore, perspiciatis adipisci accusamus laudantium odit aliquam repellat tempore quos aspernatur vero.

Серіктестер