Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Олимпиада

XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы

15.01.2019

2019 жылдың 9-15 қаңтар аралығында, Алматы қаласында XV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Ресей, Түркия, Индонезия, Болгария, Румыния, Сербия, Өзбекстан сияқты әлемнің 18 елінен келген 525 дарынды оқушы математика, физика және информатика пәндерінен білімдерін сынға салды. Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға 50 алтын, 72 күміс, 121 қола медаль табысталды. Олимпиаданың қорытындысы бойынша, Астана қаласының командасы өте жоғары нәтиже көрсетті: алтын медаль мен бірінші орынды «SPECTRUM» халықаралық мектебінің оқушысы Курбанбаев Жан информатика пәні бойынша жеңіп алды. Математика пәні бойынша, күміс медальдар мен екінші орынды Есенгелді Нұрдәулет, Ашкен Абылай, Раушанов Мәрлен, «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары, «SPECTRUM» халықаралық…

Read More

Биология пәнінен өткен дүниежүзілік олимпиадасында “Білім-инновация” лицейінің оқушылары жүлделі орындарға қол жеткізді

24.07.2018

14-22 шілде аралығында Иранның Тегеран қаласында биология пәнінен өткен дүниежүзілік олимпиадасында Ақтөбе «Білім-инновация» лицейінің оқушысы Албаков Кайрат және Нұрорда мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Қуантай Аманжол күміс медаль, Тараз «Білім-инновация» мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Тұртемір Әділет қола медаль иегері атанды. Медаль иегерлерін, ата-аналарын, лицей ұжымын және пән мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз! Білім бәсекесінде еліміздің намысын қорғаған оқушыларымыздың бағындырар асулары көп болсын! Жеңісті күндер көп болғай!

Read More

“Mostratec” халықаралық ғылыми олимпиада

27.10.2017

Ақтөбе “Білім-Инновация” лицейінің 11-сынып оқушысы Нұрдаулет Сұлтан 23-27 қараша аралығында Бразилияда өткен халықаралық “Mostratec” халықаралық ғылыми олимпиадада күміс медальге ие болды. Құттықтаймыз!

Read More

Халықаралық «Менталды арифметика» жарысы

03.10.2017

Сүйінші!!! nurorda.kz лицейінің 3 «С» сынып оқушысы Таңда Ұлағат Таиланд астанасы Бангкокта өткен xалықаралық «Менталды арифметика» жарысынан мектебіміздің ғана емес, еліміздің атынан сынға түсіп, алтын жүлде жеңіп алды! Əлемнің 27 елі қатысқан білім додасында оза шапқан шəкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жарайсың!!! 👍👍👍👏👏👏 #NURORDA #nurorda1love #nurordaastana#Нұрорда #МенталдыАрифметика

Read More

Халықаралық Физика Олимпиадасы

01.10.2017

  IPhO-дан Қазақстан командасы 1 АЛТЫН, 3 КҮМІС, 1 ҚОЛА алды!!! Тағы да қуанышты xабар!!! 16-24 шілде аралығында Индонезияның Йогякарта қаласында болып жатқан 48-інші Халықаралық Физика Олимпиадасы (IPhO) өз мәресіне жетті. “Білім-инновация” қорының қоржынына күміс медаль алып келген Семей БИЛ оқушысы Айтказинов Шыңғыс пен Уәлиев Әділетті, Қарағанды БИЛ оқушысы Амангельдинов Темирланды және қола медаль йегері Нурорда мектеп-лицейінің оқушысы Кемел Нұрдәулетті шын жүректен құтықтаймыз! Еліміздің көк туын желбірете беріңдер!!! #IPhO2017

Read More

Халықаралық Химия Олимпиадасы

01.10.2017

6-15 шілде аралығында Тайландтын Накхонпатхом қаласында Халықаралық Химия Олимпиадасы (IСhO) болып өтті. Аталмыш олимпиада “Білім-инновация” қорының қоржынын 3 қола медалмен толтырды. Алматы қыздар БИЛ – Жунис Асем, Тараз БИЛ – Серик Нурасыл, Павлодар БИЛ – Рахимов Темирланды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай білім додаларында Еліміздің көк туы мәңгі желбірей берсе екен!!! #IChO2017

Read More

Халықаралық Биология Олимпиадасы

01.10.2017

Сүйінші!!! Англияның Лондон қаласында өткен 28-інші Халықаралық Биология Олимпиадасынан (IBO-2017) оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды. 1) Назарбеков Әлішер – қола – Тараз БИЛ 2) Балтагулов Мади – қола – Алматы БИЛ 3) Албаков Кайрат – қола – Ақтөбе БИЛ 4) Тойбазар Дәулет – мақтау қағазы – Шымкент БИЛ  Жігіттерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!! Білім бәсекесінде де қазағымның намысын қорғар жастарымыз көп болғай!

Read More

Халықаралық Математика Олимпиадасы

01.10.2017

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 58-інші Халықаралық математика олимпиадасы болып өтті. Қазақстан командасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қоламен оралды. Күміс жүлде алған Астана “Білім-инновация” лицейіміздің оқушысы Алиxан Құдайбергеновты, сондай-ақ Қазақстанның намысын қорғап қайтқан басқа да қатысушыларды жеңісімен құтықтаймыз!!!

Read More

Халықаралық Информатика Олимпиадасы

01.10.2017

28 шілді – 4 тамыз аралығында Иранның астанасы Тегеран қаласында өткен 29-ыншы Халықаралық Информатика олимпиадасында (IIO) Қазақстан командасы 1 күміс, 3 қола медальға қол жеткізді. Айта кететін нәрсе, жүлдегерлердің бәрі “Білім-инновация” лицейлерінің оқушылары екен: 1. Нұрбақыт Мадибеков – күміс – Алматы БИЛ; 2. Санжар Бидайбек – қола – Астана БИЛ; 3. Асхат Жалғасов – қола – Алматы БИЛ; 4. Нұрлыхан Қайырлы- қола – Ақтөбе БИЛ. Оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алға, Қазақ жастары!!!

Read More

Ж. Ақылбаев атындағы физика пәнінен өткізілген 1-ші облыстық олимпиада

30.09.2017

Қарағанды облысының Шет ауданында техника ғылымдарының докторы, профессор Ж. Ақылбаев атындағы физика пәнінен өткізілген 1ші облыстық олимпиадаға қатысқан Қарағанда “Білім-инновация” лицейінің 4 оқушысының төртеуі де жүлделі орындарға ие болды: Хайрат Эрбулан – 3 орын (10000тг) Жүнісов Амир – 2 орын (20000тг) Райс Мұхаммед – 1 орын (30000тг) Есенгелдиев Сұлтанмахмуд – Бас жүлде (50000тг). 

Read More
« Previous Page

Blog Search

Side Widget Well

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Inventore, perspiciatis adipisci accusamus laudantium odit aliquam repellat tempore quos aspernatur vero.

Серіктестер