Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Спорт

Астанада оқушылар арасында республикалық баскетбол турнирі өтті

05.01.2019

4-5 қаңтар күндері Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінде«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында, «Ұлттық баскетбол федерациясының» қолдауымен республикалық баскетбол жарысы өтті. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынас орнату және дене тәрбиесіне дайындықты күшейту. Сайысқа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты ұйымдарының және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ меморандум жасасқан мектептердің 9-11 сынып оқушыларынан құралған 15 команда, барлығы 130-ға жуық оқушы қатысты. Республикалық баскетбол жарысы лицей оқушылары арасында биыл алғаш рет өткізілген. Жарыстың қорытындысы бойынша, Көкшетау «Білім-Инновация» лицейінің құрамасы финалдық ойында Есік «Білім-Инновация» лицейін 28:11 есебімен ұтып, жеңіске жетті. Ал Есік«Білім-Инновация» лицейі жүлделі II орынды…

Read More

Талдықорғанда ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті

17.11.2018

17 қараша күні Талдықорған “Білім-Инновация” лицейінің 25 жылдығына орай, лицей ата-аналары арасында волейбол турнирі өтті. Жарысқа Өскемен және Алматы қаласынан келген ата-аналар қатысты. Турнирді ұйымдастырудағы мақсат – ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың күшейе түсуіне ықпал жасау. Турнир жоғары деңгейде өтті деген ойдамыз. Барлық қатысқан командаларға алғысымызды білдіреміз.

Read More

Таразда волейболдан оқушылар арасындағы республикалық турнир мәресіне жетті

17.11.2018

16-17 қараша күндері Тараз қаласындағы «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернатында «Білім-Инновация» және «Білім Орда» ХҚҚ-на қарасты білім беру ұйымдарының оқушы қыздар арасында Республикалық волейбол турнирі өтті. Дәстүрге айналған шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, өзара достық қарым-қатынасты нығайту. Спорттық шараға еліміздің барлық аймақтарынан 100-ден астам жас спортшы жиналды. Атырау, Петропавл, Қызылорда, Шымкент, Алматы өңірлерінен 11 команда келіп, өзара мықтыны анықтады. Бас жүлде Петропавл қаласы «Әбу Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернаты»командасына бұйырды. I орын Тараз қаласы Жамбыл экономика және есеп колледжі иеленді. II орынды Алматы қаласы «Сулейман Демирел атындағы колледж-лицейі» командасы қанжығасына байлады. III орын Тараз қаласы «Айша…

Read More

Астана «Білім-Инновация» лицейінің оқушылары Англияда өтетін футзал жарысына қатысады

03.11.2018

2-3 қараша күндері Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен кіші футболдан республикалық жарыс өтті. Республикалық кіші футбол жарысы биыл 6-рет ұйымдастырылып отыр. Сайысқа «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты ұйымдарының және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ меморандум жасасқан мектептердің 7-8 сынып оқушыларынан құралған 27 команда, барлығы 250-ге жуық оқушы қатысты. Ашылу салтанатына Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық футбол департаменті директорының орынбасары Серік СӘРСЕНБЕКОВ, «Білім-инновация» ХҚҚ Президенті Дархан ӨТЕ және «Білім Орда» ХҚҚ Президенті Дарханбек ҚОЖАБЕКОВ қатысып, оқушыларға сәттілік тіледі. Бірінші күні таласқа толы ойындар қызықты да тартымды болып, жанкүйерлер тақымын қысып отырды. Нәтижесінде қарсыластарын…

Read More

Кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир

04.11.2017

2017 жылдың 2-3 қараша күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылардың денсаулығын жақсарту, оқушылар арасында бауырмалдық, ұйымшылдық қарым-қатынастарын нығайту мақсатында «Білім-инновация» лицей (бұрынғы «Қазақ-түрік» лицейлері) оқушылары арасында кіші футболдан дәстүрлі республикалық турнир өтті.      Додаға «Білім-инновация» лицейлерінің 7-8-сынып оқушыларынан құралған 250-ден аса команданың ішінен 217 оқушы іріктеліп, ақтық бәсекенің жолдамасына ие болған жалпы саны 27 команда өзара сайысқа түсті. Ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жалпы орта білім депаратаментінің директор орынбасары Маусымбаева Айнұр Толқынқызы, Республикалық таэквондо федерациясының вице-президенті, Пекин олимпиадасының қола медаль иегері Чилманов Арман Константинұлы, «Білім-инновация» ХҚҚ-ның президенті Дархан Өте мен президент кеңесшісі Нұрбол Төлебаев, «Білім Орда» ХҚҚ-ның вице-президенті Абдуррахман…

Read More

Blog Search

Side Widget Well

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Inventore, perspiciatis adipisci accusamus laudantium odit aliquam repellat tempore quos aspernatur vero.

Серіктестер