БИЛ қабылдау емтиханына тіркелу мерзімі ұзартылды

Еліміздің бір қатар өңірлеріндегі су тасқыны жағдайына байланысты 2024-2025 оқу жылына “Білім-инновация” лицейлерінің конкурстық негізде іріктеуіне қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімі 19.04.2024 күніне дейін ұзартылғанын хабарлаймыз. Үміткерлерді тіркеу bilemtihan.kz сайтында онлайн түрде іске асады. Емтихан 12 мамыр күні өтеді. Толық ақпаратты bilemtihan.kz сайтынан немесе +7 700 332 32 32 нөмірі бойынша байланыс орталығынан алуға болады.

IRONMIND-2024 | Ертеңге бірге!

7-8 мамыр күндері Қордың ұйымдастыруымен “IronMind” олимпиадасының өтетінін хабарлаймыз. IronMind – бұл ағылшын тіліндегі зияткерлік олимпиада, оның басты мақсаты – оқу бағдарламасына кірмейтін салаларда білімдерін тереңдеткісі келетін, еліміздің әр түкпірінен келген қатысушыларды біріктіру және оларға өз буындастарымен бірге көңілді, бәсекеге қабілетті ортада өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беру. Тіркеу: https://ironmind.kzТамақтану және тұру: сайттағы байланыс деректері http://ironmind.kz/#contacts

БИЛ оқушылары Түрікменстанда өткен математика пәнінен халықаралық олимпиадада жоғары нәтиже көрсетті

Түрікменстанда (Аркадаг қаласы) ұлы ойшыл, шығыстың классикалық ақыны Махтумкули Фрагидің 300 жыл толуына арналған Бірінші халықаралық математикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті. Олимпиадаға 13 мемлекеттен (Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Тәжікстан және т.б.) 130-ға жуық оқушы қатысты. Қазақстан құрама командасы 15 оқушыдан құралып, олар, 4 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Соның ішінде БИЛ оқушылары төмендегідей […]

Биология мен химия пәндері бойынша республикалық олимпиаданың нәтижелері

Павлодар қаласында 27-31 наурыз аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы химия және биология пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Олимпиадада еліміздің әр өңірінен келген 319 оқушы қатысты. «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары төмендегідей көрсеткіштерге қол жеткізді: Биологи пәні бойынша оқушыларымыз 11 алтын, 18 күміс және 23 қола медаль иеленді. Барлығы – 52 медаль. Бұл нәтиже жалпы биология пәні бойынша […]

Информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

24-28 наурыз күндері Алматы қаласында өткен жаратылыстану және математика бойынша республикалық олимпиаданың география мен информатика пәндері бойынша соңғы кезеңі аяқталды. Бұл байқауға еліміздің әр түкпірінен келген 295 оқушы қатысқан болатын, олардың ішінен 135 оқушы жеңіске жетті. Соның ішінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары информатика пәні бойынша 6 алтын, 12 күміс, 25 қола медаль иеленді. Барлығы – 43 […]

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұл-қыздарымыз топ жарды!

Наурыз мейрамы қарсаңында Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша республикалық олимпиаданың математика мен физика пәндері бойынша нәтижелер жарияланды. Осы жарыста «Білім-инновация»лицейлерінің оқушылары үздіктер қатарынан шықты. “Физика” пәні бойынша 7 алтын, 12 күміс және 20 қола медаль еншілеген білімгерлер, жалпы есепте 39 медальмен қанжығаны майлады. Жалпы есепте “физика” пәні бойынша таратылған медальдердің 53%-ын «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары […]

“Мектебі бар ауылда тіршілік бар”

Жаңаөзен қаласының орта мектептерінде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін тарату аясында «Мектеп, оқушы, ата-ана» атты алтын үштіктің маңыздылығына байланысты «Отбасының рухани өзегі – ұрпақ сабақтастығы» атты облыстық ата-аналар форумы ұйымдастырылды.  Форумның басты мақсаты – қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы және білімі, денсаулығы мен оның қауіпсіздігі сынды өзекті һәм өміршең тақырып қаузауға бағытталды. […]

Тараздағы тартысты жарыс

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ қарасты лицей-мектептің ұлдар оқушылары арасындағы волейболдан республикалық жарыс өткізілді. Ала допты шебер меңгерген командалар үздік ойын көрсетіп, нәтижесінде : Жалпы ойынға қатысқан 14 команда ішінен қара үзіп, жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Оймақтай он жыл

Тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы болған, ел болашағының жарқын үміткерлерін тәрбиелеген “SPECTRUM KINDERGARTEN” балабақшасына 10 жыл толды. Осынау оймақтай ғана 10 жыл ішінде жеткен жетістік, бағындырған белес аз емес. Балауса шақтың шаттығын мерейтой барысында балдырғандар күмбірлеген күй, әуезді ән, мың бұралған биімен көпшіліктің мерейін тасытты. Ұрпақ тәрбиесіне бүтіндей болмысын арнаған ұлағатты жандар марапатталды. Балабақшаның […]

Ана тілдің мерейін зау биікке шығарар бірлескен жоба.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ президенті Дархан Өте және Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті Рауан Кенжехан ұлттық мұратқа негізделген бірлескен жобалар аясында кеңінен талқылады. Қос тарап тіл сауаттылығын арттыруға арналған ірі шараларды иық тіресе бірге еңсеруді көздейді. Мәселен, ел көлемінде баламасы жоқ «Жарқын болашақ» республикалық […]