10.08.2022
Назар аударыңыз! Шұғыл түрде! 6 сыныпты аяқтап, 7-сыныпқа қадам басқан оқушылар және олардың ата-аналары Сіздер үшін маңызды ақпарат. “Білім-Инновация” лицейлеріне халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы балаларын қабылдау басталатынын хабарлаймыз! Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 5 тамыз күнгі №350 бұйрығы. Өтініштерді қабылдау: 10.08-19.08 аралығында өтеді. Өтінішті оффлайн, яғни жергілікті мекеніңіздегі лицейге барып өткізесіз. Құжаттардың түпнұсқалығы немесе сәйкестігі расталған жағдайда ғана үміткерге 48 сағат ішінде рұқсатнама жіберіледі. Қабылдау емтихан: 21.08. 2022 күні өтеді. Конкурстың нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2022 жылғы 25 тамыз күні сағат…
Read More25.08.2020
Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың ауыртпашылығын бүкіл ел бірлесе көтерісіп жатыр. Күні кеше «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның қызметкерлері, лицей түлектері мен ата-аналары «Біз біргеміз» акциясы аясында 4 миллион 491 мың теңге көлемінде қаржы жинап, 110 планшетті мақтааралдық оқушыларға сыйға тартты. Еліміздегі эпидемиялық ахуалға байланысты бүгінгі таңда мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту маңызды. Дегенмен, ол үшін компьютерлер мен ноутбуктар, смартфондар мен планшеттердің қажеттілігі байқалуда. «Білім-Инновация» лицейлерінің негізгі қызметі білім саласы болғандықтан, еліміздегі жағдай ескеріліп су тасқынынан зардап шеккен және аз қамтылған отбасылардың балаларына планшеттерді табыс етті. Нұрбол Төлебаев, «Білім-Инновация» ХҚҚ-ның вице-президенті: – Біз енді біліммен айналысатын болғандықтан, білім қоры болғандықтан, осы Мақтааралдағы…
Read More14.08.2020
Жаңа оқу жылының қарсаңында, тамыздың 5-14 күндері аралығында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры және «edLight Education Support Center» ЖШС-нің ұйымдастыруымен, «Білім берудегі цифровизация жəне қашықтан оқытудың тиімді əдістері» атты пән мұғалімдеріне арналған онлайн семинар өтті. Онлайн семинарға биология, физика, химия, информатика, математика, география, тарих, қазақ тілі, ағылшын тілі, түрік тілі, дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері, барлығы 800-ге жуық ұстаз қатысты. Семинар стриминг форматында, ZOOM платформасында өткізілді. Семинар барысында ұстаздар құндылықтар негізінде білім беру, құндылықтарды пәндерге байланыстыру, жаңа оқу жылында онлайн сабақтар форматы, онлайн сабақтарды ұйымдастыру және оқушыларды бағалау үрдісі секілді тақырыптарда білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ ұстаздарға теориялық білімдерін практикалық жұмыстарымен бекітіп алуға мүмкіндік…
Read More08.08.2020
Көптеген қашықтықтан оқыту сияқты онлайн білім беру әлемінде сыныптар асинхронды немесе синхронды болуы мүмкін. Бұл терминдер нені білдіреді? синхронды оқыту – виртуалды сыныпқа ұқсас, бір уақытта оқумен айналысатын оқушылар тобын қамтиды. Оқытудың бұл түрінде оқушы мен оқытушы бір уақытта бір жерде болады. Ол үшін топтық сөйлесулер, веб-семинарлар, бейне конференциялар сияқты мультимедиялық компоненттер қолданылады. асинхронды оқыту – қажетті онлайн-ресурстармен өздігінен оқуға негізделген оқушыға бағытталған оқытуды қамтиды. Бұл жағдайда электронды пошта, электронды курстар, онлайн форумдар, аудио-бейне жазбалар сияқты технологиялар қолданылады. Осындай форматтағы оқытудың түрін таңдау кезінде мұғалімдерге жауапты міндет жүктеледі. Қазір барлық мектептер дәстүрлі педагогикадан онлайн педагогикаға көшуде. Осы орайда «Білім-Инновация» ХҚҚ және…
Read More04.08.2020
«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «Білім Орда» ХҚҚ-на қарасты білім беру мекемелерінің директорлары қашықтан оқыту кезінде туындаған мәселелерді талқылады. 1-3 тамыз аралығында, 40-қа жуық білім беру мекемелерінің директорлары 18 сағаттық онлайн жиналысқа қатысты. Онлайн жиналыс барысында сандық технологиялар дәуірінде әрі дәл қазіргі жағдайда мектепті тиімді басқара білу; басшының міндеті мен рөлі; жаңа оқу жылында қолданылатын платформалардың сапасы; білім саласындағы қазіргі тенденциядағы жаңа трендтер; қашықтан оқыту кезінде мұғалімдерді қадағалау, мотивация беру; қосымша жұмыстарды онлайн немесе оффлайн түрде табыстау реті; электрондық оқулықтардың қолдануға ыңғайлы болуы секілді тақырыптар қозғалды. Мектеп басшылары туындаған сұрақтарға жауап іздеп, өз ұсыныстарын білдірді.
Read More31.07.2020
Соңғы уақытта әлемде орын алған індеттен еліміз де тыс қалмады. Пандемиялық жағдайға байланысты “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ-ның ұжымы мен “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейлерінің ұстаздары, түлектері, мен ата-аналары отандастарымызға көмек көрсету мақсатында, оттегі концентраттарын алып, елге жеткізу акциясын ұйымдастырды. Бүгін 100 оттегі концентратының алғашқы легі еліміздің барлық аймағындағы облыстық ауруханаларға жеткізілуде.⠀«Көп түкірсе көл» демекші, осындай қиын сәтте көмек қолын созып, акцияға қатысқан қайырымды жандарға алғыс білдіреміз!
Read More30.07.2020
Қазақстандық оқушылар алғаш рет Еуропалық физика олимпиадасына қатысып 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді, деп хабарлайды «Хабар 24». ЖаҺанды жайлаған пандемияға байланысты қашықтан өткен онлайн олимпиадаға 57 елден 250 оқушы қатысты. Еліміз жалпы командалық есепте жиырмасыншы орын иеленді. Қазақстан атынан жарысқа «Білім-инновация» лицейлерінің шәкірттері қатысты. Бахтияр Ерметов, “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” халықаралық қоғамдық қоры оқу бөлімінің басшысы: – Бұл олимпиаданың ерекшелігі, физикада практикалық тур бар. Онда оқушылар эксперимент жасау керек. Біздің оқушылар эксперимент жасаған. Бірақ оны виртуалды түрде жасаған. Компьютердің экранына веб-камераны түсіріп, эксперимент жасап, ақпараттарды енгізіп, солай көрсеткен. Мұндай форматтағы олимпиадалар оқушыларға өте пайдалы. Өйткені ол болашақ ғалымдар мен…
Read More30.07.2020
Оқушыларымыз химия пәні бойынша халықаралық Менделеев олимпиадасы қатысып, 4 қола медаль жеңіп алды! 13-18 шілде аралығында, пандемияға байланысты биыл алғаш рет қашықтан өткен олимпиадаға 27 елден 130 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы 1 күміс және 5 қола медаль иегері атанды: Қайырбек Хайдар – Павлодар қ. химия-биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ-ның оқушысы – күміс медаль; Сейсенқұл Бақдәулет – Нұр-сұлтан қ. дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушысы – қола медаль; Абдугафарова Кибриянур – Алматы қ. «Galaxy» халықаралық мектебінің оқушысы – қола медаль; Таубаев Темірлан – Нұр-Сұлтан қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің оқушысы – қола медаль; Туруспекова Айгерім – Алматы қ….
Read More11.05.2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің сайтында Ұлы Отан соғысы (1941-1945 жж.) Жеңісінің 75 жылдығына арналған «Ұлы Отан соғысы тарихының жады – ұрпақтар сабақтастығының негізі» атты Мектеп оқушылары конкурсының нәтижесі жарияланды. Конкурс ережесіне сәйкес ІІ турда Байқау комиссиясы жеңімпаздарды Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынан тең өкіл таңдау қағидасын негізге алып айқындады: нәтижесінде 2 бірінші орын, 2 екінші орын және 4 үшінші орын тағайындалды. Дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылғын Ақтөбе облыстық «Білім- инновация» лицейінің екі бірдей оқушысы Сүйінғазы Ақниет Темірбекұлы, Жанғали Сердар Әсет 1-орынды иеленді. Ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбы: «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Ақтөбеге көшіріліп әкелінген…
Read More08.05.2020
8 мамыр күні, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, «Ұрпаққа ұран болған ұлы ерлік» атты республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізді. Республикалық ғылыми-практикалық онлайн-конференцияның мақсаты – тарихи сананы, ұлттық бірегейлікті, азаматтық белсенділікті қалыптастыру, жас ұрпақтың санасында Ұлы Отан соғысы туралы тарихи жадты сақтау; отаншылдыққа тәрбиелеу, жас зерттеушілердің тарихқа деген шығармашылық мүмкіндіктері мен кәсіби ынтасын арттыру. ZOOM платформасында өткен онлайн конференцияға еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында: «Білім-инновация» лицейінің оқушылары мен ұстаздары, жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары мен мұғалімдері, колледж және университет студенттері мен оқытушылары, тарих ғылымдарының докторы,…
Read More