28.04.2020
Сәуірдің 24-26 күндері аралығында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, 7-11 сынып оқушылары арасында Республикалық онлайн дебат турнирі өтті. Республикалық турнирге 200-ге жуық оқушы қатысуға ниет білдірді. Олардың арасынан 80 оқушы іріктеліп, жалпы саны 40 команда қатысты. Шараның мақсаты – жастар арасындағы көшбасшылық бәсекелестікті дамыту, шешендік қасиетті арттыру, қазіргі кезде жастар мен қоғам үшін аса өзекті мәселелерді талқылай отырып, саяси сауаттылықтың деңгейін көтеру. Биылғы турнирдің ерекшелігі біріншіден онлайн өтуінде болса, екіншіден, Еуразиялық Технологиялық Университеті мен Астана Халықаралық Университеті жеңімпаз атанған 11-сынып оқушыларына, білім грантын тағайындауында. Дебат барысында қатысушылар бекітілген тақырып төңірегінде өз пайымдары мен пікірлерін нақты дәйектермен келтіріп,…
Read More25.03.2020
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. Ол оқушылардың 16 наурыздан бастап 21 күнге созылған көктемгі каникулы басталғанын еске салды. «Бұл күндерді қызықты әрі танымды өткізу өте маңызды. Оның үстіне, ата-аналардың көбі үйде болғандықтан бұған көмектесе алады. Менің ұлым 4-сыныпта білім алады, ол кітап оқығанды өте жақсы көреді. Оқу жылының басынан бері біз бірге “Робинзон Крузо”, “Том Сойердің оқиғалары”, “Менің атым – Қожа”, “Көшпенділер” трилогиясын оқып шықтық, ал “Капитан Грантаның балалары” біздің сүйікті кітапқа айналды. Бізге сондай-ақ, Ежелгі Грекия мен Мысырдың аңыздарын оқыған ұнайды”, – деді ведомство басшысы. Сондай-ақ Министр ғылыми әдебиетке…
Read More02.03.2020
29-ақпан күні Нұр-Сұлтанда “Edlight education support center” ЖШС-нің ұйымдастыруымен, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «Білім Орда» ХҚҚ-на қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында ағылшын тілінде “IronMind” жарысы өтті. “Help the planet” яғни, ғаламшарды қорғау тақырыбында өткен “IronMind” жарысына еліміздің әр аймағынан 7-11 сынып оқушылары, жалпы саны 298 оқушы қатысты. «Жарыстың мақсаты үздіктерді анықтау ғана емес, оқушылардың жаңа әсер алуына ықпал ету және бүгінгі маңызды мәселелерді бірлесе талқылап, өзара бірлесу арқылы сол мәселелердің шешімін табуға жағдай жасау. Соңғы уақытта ғаламшардың экологиялық мәселесі баршамызды алаңдатуда. Қоршаған ортаның сапасын жақсартып, туындаған мәселелерді шешу үшін ақылды адамдар әрдайым қажет. Сондықтан, сайыстың атауын “IronMind” деп қоюды жөн көрдік»,…
Read More28.02.2020
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер». М.Жұмабаев Ғылым мен техника қарқынды дамыған талабы күшті бүгінгі заманда жоғары интеллектуалды жастарды жан-жақтылыққа, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғалық қасиеттерін ояту, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңіру, олардың потенциялдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу, бәсекеге қабілеттіліктерін шыңдау қажырлы еңбекті талап ететін іс. Білім беру саласының осындай ең өзекті талабын орындау – әрбір ұлтжанды азаматтардың ел алдындағы қасиетті парызы әрі киелі міндеті. Осы орайда 2020-2050 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасына сай, ҚР Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың «Алғаш рет мемлекеттік бағдарламада тәрбие беру – отбасылық құндылықтарды насихаттау мәселесін мектеп…
Read More24.02.2020
18-21 ақпан күндері аралығында, Алматы қаласында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «PR4You» ЖШС-нің ұйымдастыруымен, iOS және Android платформасына ұялы қосымшаларды жасауды үйренгісі келетін 7-9 сынып оқушыларына арналған «StartApp» хакатон өтті. Әлемде технология көз ілеспес жылдамдықпен күн сайын жаңарып, даму үстінде. Болашақта елдің байлығы, даму көрсеткіші жер асты байлықтарының көлеміне қарай емес, заманауи технологияны қаншалықты игергендігіне, онымен жұмыс істеу әдетінің қалыптасуына байланысты болмақ. Бұл орайда, Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда негізгі 4 бағытты көрсетіп, бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін, елімізде IT-мамандарын даярлауға ерекше мән беру керектігін атап өтті. Осы тұрғыда «StartApp» хакатонның жастарға берері мол….
Read More17.02.2020
15 ақпан күні Түркістан қаласында, Білім және ғылым министрлігінің және “Білім-Инновация” Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты республикалық форум өтті. Форумға Қызылорда, Тараз, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының ата-аналары, қамқоршылық кеңесінің төрағалары, кәсіподақ кеңесінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жастар ұйымының мүшелері қатысты. Республикалық форумның мақсаты – ата-аналарды білім саласындағы озық трендтерімен, құндылықтарға негізделген білім беру әдіс-тәсілдердің ерекшеліктерімен таныстыру және педагогикалық, психологиялық сауаттылығын және мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру. Осы идеяны насихаттауды мақсат тұтқан ауқымды шараға 400-ден астам ата-аналар қатысты. Ата-аналар мен ұстаздар форум барысында кәсіби отбасылық психолог Ержан Мырзабаевтың – «Эмоция…
Read More11.02.2020
8 ақпан, Алматы қаласы, Сулейман Демирель атындағы университетінде ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен еліміздегі білім беру ұйымдарының ата-аналарына арналған «Ата-ана, ұстаз, оқушы: болашаққа бағытталған ынтымақтастық» атты республикалық форум өтті. Форумның ашылу салтанатына еліміздің әр аймағынан 400-ге жуық ата-аналар мен ұстаздар, «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті Дархан Өте, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Ақан Әбдуәлиев, Физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев, Алматы қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева және Сулейман Демирель университетінің ректоры Қуаныш Ерғалиев қатысты. Баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау үшін мектеп пен отбасының ынтымақтастығын арттыру, ата-аналарды білім…
Read More11.02.2020
8-ақпан, Алматы қаласы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары арасында «Көңілді Тапқырлар Лигасының» Президент кубогы өтті. Өнер кешіне еліміздің әр аймағынан үздік шыққан 10 мектептің командалары яғни, Ақтау, Орал, Қостанай, Жезқазған, Тараз, Шымкент, Есік, Талдықорған, Семей және Павлодар қалаларындағы «Білім-инновация» лицей-интернатының өнерлі жастары қатысты. Тапқырлығы мен әзілдері жарасқан жастардың ойынына «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-ның президенті – Дархан Өте, белгілі тележурналист, Жамбыл телеарнасының бас директоры, ҚР Президенті сыйлығының иегері – Мейіржан Әлібекұлы, танымал режиссер, сценарист, продюссер – Алишер Утев, жас блогер, режиссер – Қыран Талапбек, “EduCon” компаниясының сапа және бақылау бөлімінің басшысы – Омархан Бабахан және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ-ның вице-президенті – Нұрбол Төлебаев…
Read More10.01.2020
«Адамды даңққа бөлейтін екі қасиетті өнер бар: бірі – қолбасшылық, екіншісі – шешендік» – деп ұлы шешен-ділмар М.Т. Цицерон айтып кеткендей, жеке пікіріңді айналаңа, қоғамға жеткізе білу – үлкен өнер. Қиыннан қиыстыра, төтеден төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі сөйлеу кез келген жанның бойынан табыла бермейтін қасиет екені анық. «Білім-Инновация» лицейлерінде де орынды жерде ойын жеткізе білетін, тыңдаушыны иландырып, көркемсөзді келістіре айта алатын жастар жоқ емес. Осындай оқушыларды анықтап, ораторлық өнерін дамытып, шешендік шеберлігін шыңдай отырып, шындық пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу мақсатында, 7-8 қаңтар аралығында «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Орта Азиядағы «Swiss Education Group» және «Nova education»…
Read More06.01.2020
4-5 қаңтар аралығында Нұр-Сұлтанда “Білім-Инновация” және “Білім Орда” Халықаралық қоғамдық қорына қарасты білім беру ұйымдарының оқушылары арасында, Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен кіші футболдан республикалық турнир өтті. Дәстүрге айналған турнир биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Оған 7-8 сынып оқушыларынан құралған 32 команда, барлығы 300-ден астам оқушы қатысты. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылар арасында сыйластық, ұйымшылдық қарым-қатынас орнату және дене тәрбиесіне дайындықты күшейту. Республикалық турнирдің ашылу салтанатында cөз алған Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол департаментінің директоры Ерлан Жамантаев, Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Көптілеуова Бағым Әубәкірқызы және “Білім-Инновация” ХҚҚ президенті…
Read More