19.08.2019
Қазақстан құрама командасы Әзірбайжан елінде информатика пәнінен өткен халықаралық олимпиадада (IOI-2019) 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медальмен 13-14 орынға ие болды! Өскемен қаласындағы дарынды ер балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Байболов Темирлан және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінің түлегі Құрбанбаев Жан – қола медаль иегерлері атанды! Олимпиадаға әлемнің 87 елінен 325 оқушы қатысқан. Естеріңізге салсақ, информатика пәнінен Қазақстан құрамасы 2007 жылы 2 алтын 2 күміс медаль жеңіп, 7-орынды иеленген еді. 2020 жылы IOI-2019 олимпиадасы Сингапурда өтеді. Барлық қазақстандықтарды айтулы жеңіспен құттықтаймыз!
Read More03.08.2019
Семинарға еліміздің әр өңірінен 40-қа жуық «Білім-Инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларына қарасты білім беру мекемелерінің директорлары мен орынбасарлары қатысты. Семинарды ұйымдастырудағы мақсат – оқу жылы басталмас бұрын, өткен жылды қорытындылап, директорлар мен олардың орынбасарларын жаңа оқу жылының жаңалықтарымен таныстыру. «Осы семинарды ұйымдастыру барысында, біз тәжірибелі және жаңадан қызметін бастаған директорлардың орынбасарларымен ақылдасып, бірнеше маңызды тақырыптарды анықтап алдық. Мысалы, уақытты қалай тиімді пайдалану керек? Осы тақырып аясында тәжірибелі директорлардың орынбасарлары апталық және жылдық жоспарларымен бөлісіп, дұрыс жасалу жолын көрсетті. Сондай-ақ, әр лицейде ҰБТ-ға, олимпиадаға жауапты мұғалімдер бар. Ол кісілермен нәтижелі жұмысқа жету үшін не істеу қажет? Семинарға қатысушылар осы…
Read More29.07.2019
Жылдың осы уақыты, әсіресе шілде-тамыз айлары ғылым бәсекесінің алғашқы әрі маңызды басқышы саналатын пән олимпиадасына қатысатын оқушылар үшін ең маңызды кезең. Жалпы пән олимпиадасы – бала санасына ғылымның алғашқы ізденістерін қалыптастырып, болашақ ғалымдарды баулитын, ғылымға еркін бойлайтын жастарды дайындайтын ең ауқымды әрі маңызы зор бағдарламалық бәсеке. Бүгінде әлемнің жүзден астам елінде пән олимпиадалары өткізіледі. Жыл сайын Қазақстан құрамасы физика, математика, биология, география және информатика пәндерінен халықаралық пән олимпиадаларына қатысып, еліміздің қоржынын медальдермен толтырып келеді. Жүйелі дайындық пен тынымсыз еңбектің арқасында биылғы халықаралық пән олимпиадасына қатысып жатқан оқушылардың тізімі суретте көрсетілген. Халықаралық пән олимпиадаларында ел намысын қорғайтын оқушыларымызға сәттілік жолдас болғай!…
Read More29.07.2019
9-12 шілде аралығында Елордадағы Spectrum Халықаралық мектебінің ұйымдастыруымен Жастар театрында World Scholar’s Cup пәнаралық олимпиадасының халықаралық деңгейі өтті. 20-ға жуық елден келген оқушылар 4 күн бойы түрлі академиялық сайыстарда бақ сынады. Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан олимпиаданың халықаралық деңгейіне Орталық Азия, Еуропа, Үндістан, Пәкістан және басқа да елдерден жалпы саны 215 білімпаз қатысты. «World Scholars Cup» – әлемнің 40 елінде жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық академиялық жарыс. Жасөспірімдерге арналған дүниежүзілік олимпиада Йель университетінің көмегімен өткізіліп келеді. Олимпиада зияткерлік байқаулар, жарыстар, пікірталастар және ғылым мен өнердің түрлі салаларына арналған шығармашылық жұмыстардан тұрады. “Бүгін Нұр-Сұлтан қаласына World Scholar’s Cup пәнаралық олимпиадасының халықаралық деңгейін өткізу…
Read More09.07.2019
Талапты еңбектің оң нәтижесі болары анық. Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан 138 балл жинаған Павлодар «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы, «Алтын белгі» иегері – Белгибаева Аружан тынымсыз еңбегінің арқасында ең жоғары нәтижеге жетіп отыр. Еліміздің озат оқушыларының бірімен тілдескен едік. «Адам баласы өмірге келгеннен кейін белгілі бір арман-тілегі болады. Менің арманымның бірі – қазақ-түрік лицейіне (қазіргі «Білім-Инновация» лицейі) оқуға түсу болатын. Себебі маған өзге тілдерді меңгеру қатты ұнайтын. Арманым орындалып, аталмыш оқуды үздік аяқтадым. Бұндай жетістікке жетуіме ата-анам мен ұстаздарымның үлесі зор, оларға алғысым шексіз. «Білім-Инновация» лицейінде алған білімім мен қажырлы еңбектің арқасында ҰБТ-дан жоғары ұпай жинадым. Алдағы уақытта өзімді біліміне сенімді,…
Read More04.07.2019
20-25 маусым аралығында Агрос қаласында (Кипр) жасөспірімдер арасындағы 21-ші Балқан математикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы командалық жарыста мәртебелі 2-орынға ие болды. Биылғы білім додасына еліміздің атынан қатысқан жас математиктер қатарында «Білім-Инновация» лицейлерінің оқушылары бар. Солардың ішінде, Атырау «Білім-Инновация» лицейінің оқушысы Айбек Мырзатаев барлығы 40-тан 40 ұпай жинап, абсолютті жеңімпаз атанып, алтын медаль иегері атанды. Жеке сайыста жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар қатарында: Мырзатаев Айбек – Атырау облыстық “Білім-Инновация” лицей-интернаты, мұғалімі – Раисов Адилет Булатбекович – алтын медаль; Тен Юрий – “Haileybury” мектебі, мұғалімі – Жук Владимир Васильевич – алтын медаль; Раушанов Марлен – Нұр-Сұлтан қаласы дарынды ер балаларға…
Read More31.05.2019
27-29 мамыр күндері “NURORDA” мектеп-лицейінде екінші рет республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Республикалық кезеңге Қазақстанның барлық аймақтарынан 223 оқушы іріктеліп, 219 оқушы қатысты. Басты идея – оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру. Шара барысында интеллектуалды сайыстан басқа, қызықты экскурсиялар, психологиялық тренингтер, интеллектуалды және қозғалмалы ойындар өткізілді. «Біз бұл олимпиадада оқушыларды облысқа бөлуден бас тарттық және керісінше, оларды пәндер бойынша командаға біріктіруді шештік. Осы сәттен бастап жас олимпиадашылар басқа өңірлерден келген өз құрдастарымен танысып, болашақ олимпиадаға дайындықтарын өз тұрғылықты жеріне қарамастан жүзеге асырады», – дейді ұйымдастырушылар. Олимпиада аясында өткен семинарда республикамыздың үздік олимпиадалық жаттықтырушылары атақты мұғалім Муаммер Гюль және…
Read More24.05.2019
Жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері арасында “Үздік педагог – 2019” республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шықты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты хабарлады. Іріктеу турының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен тоғыз қатысушы “Менің педагогикалық ұстанымым” кезеңі бойынша өзін-өзі таныстырды. Байқау қорытындысы бойынша, бас жүлдені дарынды ер балаларға арналған “Білім-Инновация” лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гул иеленді. Бірінші орынды №76 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ернұр Омарханов алса, екінші орынға №70 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Бейсенбина лайық деп танылды. Үшінші орынды № 62 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Алма Тұрғамбекова және дарынды қыз балаларға арналған “Білім-Инновация” лицейінің физика…
Read More16.05.2019
Нұр-Сұлтан қаласындағы Spectrum халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы Әлихан Құдайбергеновті әлемнің 14 ЖОО білім алуға шақырған. Бұл туралы түлек tengrinews.kz-ке берген сұхбатында айтқан. Н.Құдайбергеновтің сөзінше өміріндегі ең үздік шешім “Нұрорда” білім-инновация лицейіне түсуі. “Ата-анам осы шешімді дұрыс деп тапты, соның арқасында математикаға қызығушылығым артты. Ұстазым Әмір бей мені өзінің қанатының астына алып, бес жыл бойы математика пәнінен жаттықтық. Оқуды аяқтағаннан кейін британдық білім беру жүйесінде құрылған Spectrum халықаралық мектебіне оқуға түстім”, – дейді оқушы. 2016 жылы Spectrum халықаралық мектебінің оқушысы Әлихан Рио-де-Жанейрода өткен математика бойынша олимпиадада күміс медаль жеңіп алған, кейіннен Қытайда өткен олимпиада бар қарсыласын жолда қалдырып, бас жүлдені…
Read More14.04.2019
Жастар жылы аясында, 13-сәуір күні Астана қаласы, «Қазмедиа орталығында» «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ-ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен оқушылар арасында «КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ЛИГАСЫ» финалдық ойыны өтті. Осымен екінші жыл ұйымдастырылған KTL (Көңілді тапқырлар лигасына) финалдық ойындарына әр аймақтан іріктелген “Білім-инновация” лицейлерінің оқушылары қатысты. Финалдық ойынға аймақтық кезеңнің және 2-кезеңнің жеңімпаз командалары, барлығы 6 команда қатысты. Олар: Семей “Білім-инновация” лицейінің командасы – “Sbil Gates”, Қызылорда ұлдар БИЛ – “Brand”, Алматы қыз БИЛ – “Сол баяғы Алқыз”, Қарағанды ұл БИЛ – “Көңілді Қытырлақтар”, Ақтөбе БИЛ – “Бірдеңе бірдеңе” және Сүлейман Демирель колледжі – “Жалынды Әгүршіктер”. Биылғы ойынға әділ баға беріп, жеңімпаздарды анықтаған әділ қазылар…
Read More