Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Жетістіктер

«Білім-Инновация» лицейлерінің ұстаздары марапатталды

10.09.2020

Білім беру күні қарсаңында «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибелі ұстаздары – Рысмамбетова Балжан Тургановна  және Кенжеалиева Ботагөз Сағындыққызы еліміздің білім беру саласына қосқан өлшеусіз үлесі және ерен еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің төс белгісімен марапатталды. Рысмамбетова Балжан және Ботагөз Сағындыққызы жұмыс жасаған уақыт ішінде өз пәнін жетік меңгерген, педагогикалық бейімі дамыған, білімі мен біліктілігі жоғары ұстаздар екендігін көрсетті. Қазақстан білім беру жүйесінде табысты жұмыс атқарып, көптеген оқушыларды ғылыми шығармашылыққа, олимпиадаларға дайындап, үздік жетістіктерге қол жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласының қыз балаларға арналған БИЛ тарих пәні мұғалімі Рысмамбетова Балжан: «Шынайылықпен, жүректің қалауымен жасап жүрген еңбегім бағаланып, «ҚР – білім беру ісінің құрметті…

Read More

Еуропалық физика олимпиадасынан алтын медаль!

28.07.2020

Семей қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің оқушысы – Мағауин Расул Еуропалық физика олимпиадасына қатысып, алтын медаль иегері атанды!⠀20-26 шілде аралығында қашықтан өткен Еуропалық физика олимпиадасына 57 елден 250 оқушы қатысты.⠀Қазақстанның ұлттық құрама командасы 5 оқушыдан құралған. Олар 2019 жылғы физика пәнінен республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ физика пәнінен олимпиада резервінің мүшелері болып табылады.⠀Олимпиада 2 турдан: тәжірибелік және теориялық емтиханнан тұрды. Биыл алғаш рет онлайн өткен олимпиаданың қорытындысы бойынша, Қазақстан құрама командасы 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және 1 грамота жеңіп алды.⠀Алтыннан алқа таққан оқушымыз Мағауин Расулды, құрама команда мүшелерін, ата-аналар мен мұғалімдерді…

Read More

Қазақстандық оқушылар математика пәнінен халықаралық олимпиадада 1 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль иеленді

27.07.2020

«Cyberspace Mathematical Competition» онлайн олимпиадасы Америкалық Математика Қауымдастығы мен AOPS халықаралық платформасының басшылығымен, профессор, америкалық математик – Yufei Zhao төрағалығымен өтті. Қазақстан жалпы командалық есепте жиырмасыншы орынға ие болды.  Еліміздің қоржынына алтын және күміс медаль қосқан оқушылардың қатарында «Білім-инновация» лицейлерінің шәкірттері бар. Олар: Мырзатаев Айбек, Атырау қ. «Білім-инновация» лицейі – алтын медаль иегері; Данат Дүйсенбеков пен Марлен Раушанов, Нұр-Сұлтан қ. «Білім-инновация» лицейі – күміс медаль иегерлері. Үздік үштікке Ресей, Америка және Корея елдері кірді. Украина 15-орынды, Әзербайжан 25-орынды, Армения 45-орынды, Тәжікстан 50-орынды, Өзбекстан 54-орынды иеленген.

Read More

Өзін-өзі тану пәні олимпиадасындағы жетістіктер

28.02.2020

Ақпан айының 26 жұлдызы «Қостанай дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. Жарысқа дарынды балаларға арналған Қостанай «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысып, екі бала 1-орын және тағы екі бала 3-орынға ие болды. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған мектептің педагог-психологы әрі өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Молдагалиева Ельнара Болатхановна оқушыларды жарысқа жан-жақты дайындап қана қоймай, өзінің жеке тұлғалық жетістіктері арқылы жас өскелең ұрпаққа үлгі болып келеді. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», – деп халық даналығы айтқандай Молдагалиева Ельнара Болатхановна, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, педагогика-психология факультетін тәмамдаған. «Білім-инновация» лицейлерінің алдыңғы қатарлы психолог мамандарының бірі. Ол «Ең үздік жыл психологы»…

Read More

Білім-Инновация лицейлері облыстық пәндер олимпиадасында үздіктер қатарында

09.01.2019

Еліміздің барлық өңірінде ашылған Білім-инновация лицейлерінің орта білім берудегі жетістіктері мол. Сөзімізге дәлел соңғы 3 жыл көлемінде республикалық пәндер олимпиадасының облыстық кезеңінде жеңіп алған жүлделі орындар дәлел, деп хабарлайды Newsroom.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.  Атап айтқанда, лицей оқушылары 2017 жылы облыстық пәндік олимпиададан 271 алтын, 277 күміс және 329 қола жүлде иеленді, барлығы 877 жүлде. 2018 жылы 265 алтын, 275 күміс тиісінге 345 қола жүлде иеленіп барлығы 885 жүлдені қанжығаларына байлады. Үстіміздегі жылы 298 алтын, 310 күміс, сол сияқты 311 қола медальға ие болды. Биылғы жүлденің жалпы саны 919.  Айта кетсек,”Білім-инновация” ХҚҚ басқаруында 27 мемлекеттік лицей, Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар колледжі, одан…

Read More

Астанадағы “Білім-Инновация” оқушыларының жылдық жетістігі көңіл қуантады

26.12.2018

2018 жыл “Білім-инновация” Халықаралық қоғамдық қорының оқушылары үшін табысты өтті. Түрлі халықаралық олимпиадаларда үздік шыққан білімпаздардың бір жылғы жетістігі Астана әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.  18-24 маусым. Родос аралы Маусым айында жасөспірімдер арасында математика пәнінен XXII Балқандық олимпиада өтті. Қазақстан командасы 22 елдің арасында үшінші орынмен жақсы нәтиже көрсете білді. Қонақ елдер арасында көшбасшы атанғанын айта кеткен жөн.  Қоржында екі алтын, үш  күміс, бір қола медаль. “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков тапсырмалардың көпшілігін шешіп, ең жоғары көрсеткішпен алтын медаль иеленді. 8-15 шілде. Саха Республикасы (Якутия) Болгария, Венгрия, Индонезия, Қазақстан, Монғолия, Ресей және Румыния оқушыларының қатысуымен математика, физика, химия және информатика пәндері бойынша “Туймаада…

Read More

Марапат мерей өсіреді

24.12.2018

Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқаны үшін, ҚР Президентінің 2018 жылғы 21-қарашадағы Жарлығы бойынша «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қорының Президенті Дархан Өте Ермаханұлы және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорының Президенті Қожабеков Дарханбек Серікбайұлы «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды! Құрметті Дархан Ермаханұлы және Дарханбек Серікбайұлы Сіздерді бүгінгі марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз бағаланып, марапаттарыңыз еселене берсін!

Read More

Елордада «Үздік педагогтар» марапатталды

03.10.2018

2 қазан елордадағы EXPO аумағында  ұстаздар мерекесіне орай өткен марапаттау рәсімі мен мерекелік кеште ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева педагогтер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, “Үздік педагогтарды” марапаттады. “Сіздердің еңбектеріңіз зор” деген Д. Назарбаева аз уақыт бұрын ағылшын тілін білім бағдарламасына енгізу, пәндерді ағылшын тілінде оқыту мәселесі бар болғандығын атап өтіп, бағдарлама бастамасының салмақты екенін, бұл мәселені білім министрі Ерлан Сағадиевтен әрдайым сұрап отыратынын атап өтті. “Меніңше, үш тілдің болғаны өте маңызды” деген Сенат депутаты туған тіл қазақ тілі, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі ал ағылшын тілін меңгеру заман талабына сай екендігін алға тартты. “Сондықтан құрметті ұстаздар сіздердің асқан төзімдеріңіз…

Read More

Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша 100 үздік олимпиадалық мектеп

14.09.2018

2017-2018 оқу жылындағы жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық гуманитарлық бағытындағы Республикалық жалпы білімдік пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша 100 үздік мектеп анықталды. Жалпы білім беру ұйымдары мен бірлестіктердің,  оқушылар мен ұстаздардың, облыс, қала және аудандардағы оқу-жаттығу жұмыстарының сапасын және білім деңгейін анықтау үшін командалық нәтиже есептеліп отырады. Бұл есеп қорытындысы бейресми және ресми олимпиадалық хаттамаларда көрсетілмеген. Медальдар спорттық олимпиада ойындарында қолданылып, онда медальдардың жалпы саны ескерілуі мүмкін немесе басымдық алтын медальдарға беріледі. Алайда, бұл мақалада оқушылардың жеке жетістіктері емес, мектептер бағаланады. Себебі, бір алтын медаль емес, бірнеше медаль жүйеленген жұмыстың нәтижесі болып табылады. 2017-2018 оқу жылындағы бейресми командалық есеп Қазақстан Республикасы Білім және…

Read More

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

28.08.2018

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 20 маусымдағы жарлығы бойынша Тараз БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінің директоры Ахмет Гази Чолак “Астана 20 жыл” мерекелік медалімен марапатталды. “Білім-Инновация” Халықаралық Қоғамдық Қоры  атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз! Еңбегіңіз еленіп, биіктерден көріне беріңіз деген тілектеміз!

Read More
Next Page »

Серіктестер