Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
аааа

Жетістіктер

«Үздік білім беру ұйымы – 2018»

24.08.2018

Биыл Жамбыл облысындағы білім саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы «Төртінші өнеркәсіп революция жағдайындағы адами капитал» атты тақырыппен «Баласағұн» орталық концерт залында өтті. Конференцияда Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты Жамбыл облысы бойынша «Үздік білім беру ұйымы  2018» атанды. Лицей ұстаздары мен еңбекқор оқушылардың еңбегі бағаланып, білім саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген «Білім-инновация» мектеп интернаты 22 млн.627 мың теңгенің сертификатын алды. Бұл жетістік мектеп-интернатымыздың өркендеп, көркеюіне үлесін қосқан әрбір жанға тиесілі. Сондай-ақ, Жамбыл облысының дарынды оқушылары биыл да халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 143 медаль иеленіп, 7-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленсе, дарынды ер…

Read More

Қазақстандық оқушылар Халықаралық математикалық олимпиадада 18-ші орынға ие болды

19.07.2018

Қазақстандық команда Румыниядағы Халықаралық математикалық олимпиадада төрт күміс және екі қола медальді жеңіп алды. Биылғы жылы Қазақстан құрамасы командалық жарыста 25-орыннан 18-ші орынға көтеріліп, өткен жылғы нәтижесін жаңартты. Олимпиадаға 116 елдің 615 оқушысы қатысты. Әдеттегідей, олимпиада 2 тур бойынша өтті. Әр турда қатысушыларға 3 тапсырма ұсынылды, олардың әрқайсысы 7 ұпаймен бағаланды. Нәтижесінде, қатысушы ең көп дегенде 42 ұпай алады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша математикадан Қазақстан құрамасы 4 күміс, 2 қола медальді жеңіп алды. Командалық жарыста жерлестеріміз 18-ші орынды иеленіп, әлемнің 20 елінің қатарына енді. Қатысушылардың нәтижелері: Аружан Аманбаева – Республикалық физика-математика мектебінің (Алматы) 11 сынып оқушысы – күміс медаль (29 ұпай);…

Read More

“Mostratec” халықаралық ғылыми олимпиада

27.10.2017

Ақтөбе “Білім-Инновация” лицейінің 11-сынып оқушысы Нұрдаулет Сұлтан 23-27 қараша аралығында Бразилияда өткен халықаралық “Mostratec” халықаралық ғылыми олимпиадада күміс медальге ие болды. Құттықтаймыз!

Read More

Халықаралық «Менталды арифметика» жарысы

03.10.2017

Сүйінші!!! nurorda.kz лицейінің 3 «С» сынып оқушысы Таңда Ұлағат Таиланд астанасы Бангкокта өткен xалықаралық «Менталды арифметика» жарысынан мектебіміздің ғана емес, еліміздің атынан сынға түсіп, алтын жүлде жеңіп алды! Əлемнің 27 елі қатысқан білім додасында оза шапқан шəкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз! Жарайсың!!! 👍👍👍👏👏👏 #NURORDA #nurorda1love #nurordaastana#Нұрорда #МенталдыАрифметика

Read More
« Previous Page

Серіктестер