“Q Talks” жобасы

“Q Talks” (Qundylyq Talks) – бұл түрлі спикерлердің (директорлар, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар) құндылықтарға негізделген білім беру шеңберінде өткен іс-шараларға қатысты жеке тәжірибесімен бөлісе алатын бейресми монолог форматында өтетін конференция. Бұл жобаны мектептердің өз арасында тәжірибе алмасудың жаңа форматы ретінде қарастыруға болады. Әр спикердің мақсаты – тыңдаушыларға өз мектебінің жетістіктері, сәтсіздіктері мен ерекшеліктері туралы айтып беру. […]

Олимпиада жаттықтырушыларын даярлау бағдарламасы

Олимпиада жаттықтырушыларын даярлау бағдарламасы мұғалімдерге сабақ беру дағдыларын жетілдіруге және оқушыларды әртүрлі деңгейдегі пәндік олимпиадаларға дайындауға көмектесуге арналған. Бағдарлама өзінің оқыту мен жаттықтырудағы кәсіби деңгейін арттыруға ниетті мұғалімдерге, сондай-ақ оқушыларды математика, физика, химия, биология, информатика және т. б. сияқты әртүрлі пәндер бойынша олимпиадаларға дайындауға арналған. Оқытуды қатысушыларды қызықтыру және ынталандыру үшін заманауи оқыту әдістері мен […]

Педагог пен басшыларды кәсіби дамытудың сатылы жүйесі

Қордың бастамасымен мұғалімдер мен мектеп басшыларының біліктілігін арттыру бойынша CPD (Continuing Professional Development) курстары әзірленді. Мұғалімдерге арналған CPD курстар Мұғалімдерге арналған CPD бағдарламасы халықаралық тәжірибені үнемі зерделеумен ұштастыра отырып, “Білім-инновация” лицейлерінің 30 жылдық қызметінің нәтижесі болып табылады. Бұл бірегей бағдарлама жас маман мен тәжірибелі мұғалімдердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Мұғалімдердің әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін CPD курстары […]

“Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасы

“Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасы 2008 жылдан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп өткізіледі. Басты мақсаты – қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және шығармашылық бастамаларды анықтау. «Жарқын болашақ» олимпиадасына оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің арасында еліміздің барлық облыстарынан келген 7-11 сынып оқушылары жыл сайын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен […]

“SMART КІТАПХАНА” атты деңгейлік балалар әдебиеті

Құндылыққа негізделген білім беруді іске асыру жобасы шеңберінде Қор 1-4 сынып оқушыларына арналған “SMART КІТАПХАНА” атты қазақ тіліндегі деңгейлік балалар әдебиеті сериясын әзірлеу жөніндегі жобаға бастамашылық жасады. Осы серияның ерекшеліктері: Толығырақ ақпарат https://astanakitap.kz/ сайтында берілген.

Фэнтези жанрындағы қазақ тіліндегі балалар әдебиеті “Шоко әлем”

Қазақстанда алғаш рет лицей мұғалімдерінің бірі (Р.С. Сауытбай) “Шоко әлем” атты қазақ тілінде қиял стиліндегі балалар әдебиетін жазып, она Қордың көмегімен шығарды. Бұл серия жеті томнан тұрады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, осы кітаптар сериясын орыс тіліне, ал кейіннен ағылшын тіліне аудару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, осы серия бойынша анимациялық мультфильмдер әзірлеу де жоспарлануда.

Жаратылыстану-математика бағыты бойынша екі тілді оқулықтар

Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша оқу бағдарламаларын ағылшын тілінде тиімді іске асыру мақсатында Қор келесі пәндер бойынша 7-11 сыныптарға арналған екі тілді оқулықтар әзірледі: Бұл оқулықтар академиялық пәндерді ағылшын тілінде оқыту саласындағы (English as a Medium of Instruction) халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді. Толығырақ ақпарат https://astanakitap.kz/ сайтында берілген.

Бастауыш сыныпта сингапурлық математиканы оқыту әдісі

Қор сингапурлық әріптестерімен бірлесіп ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын ескере отырып, математика пәні бойынша кіріктірілген оқу бағдарламасын әзірледі. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет Сингапур әдістемесі бойынша математиканы оқыту үшін қазақ және орыс тілдерінде бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар әзірленді. Толығырақ ақпарат https://astanakitap.kz/ сайтында берілген.

Qundylyq Academy

“Qundylyq Academy” – это цифровая платформа, содержащая образовательные курсы личностного и профессионального развития для руководителей, преподавателей и воспитателей школ. На платформе предусмотрены различные актуальные для современной школы курсы: Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар қажетті тапсырмаларды орындаған жағдайда курстан өткені туралы сертификат алады. Аталмыш курстар аттас мобильді қосымша арқылы да Google Play мен App Store дүкендерінде қолжетімді. […]

“Құндылықтарға негізделген білім беру” авторлық курсы

“Құндылықтарға негізделген білім беру” моделін енгізу аясында мектеп директорлары, олардың орынбасарлары мен сынып жетекшілері үшін арнайы 36 сағаттық күндізгі біліктілікті арттыру курсы әзірленді. Слушатели курса осваивают теоретические и практические знания и навыки, необходимые для реализации данного вида обучения у себя в школе. Слушателям, прошедшим курс также предоставляются соответствующие методические материалы, руководства и сертификат об участии. […]