Құндылықтарды дәріптеуге арналған бейне роликтер

Құндылықтарға негізделген білім беруді іске асыру шеңберінде мектеп қоғамдастығына мотивациялық бейнероликтерді қарау ұсынылады, олардың әрқайсысында жалпыадамзаттық құндылықтардың бірі қарастырылады. Бейне роликтерді Қордың YouTube-каналында табуға болады: https://youtube.com/playlist?list=PLIFcpc4pr2ReOulRTFCKIDOoK1DZ5iVAl

Qundylyq Management System

“Qundylyq Management System” – ол мектептегі тәрбие үрдісін басқаруды іске асыруға арналған онлайн портал. Осы портал арқылы мектеп басшылығы мектептің тәрбие жұмысын басқару және тиімділігін бағалау мүмкіндігіне ие. Осы жүйе мұғалімдердің қызметіне және сынып көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуге, сондай-ақ ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептер шығаруға мүмкіндік береді. Толығырақ ақпарат https://qundylyq.kz/ сайтында берілген.

“Qadam” оқу-әдістемелік құралы

“Qadam” оқу-әдістемелік құралы тәрбие үрдісін ұйымдастыруға және іске асыруға жауапты педагогтерге көмек ретінде құндылықтарға негізделген білім беруді іске асыру шеңберінде әзірленді. Құрал үш деңгейден тұрады: бастауыш (1-4 сыныптар), негізгі орта (5-9 сыныптар) және жалпы орта (10-11 сыныптар) білім беру. Құрал мазмұны мұғалімдердің оқу үрдісін жоспарлау, іске асыру және тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстарды қамтиды. Бұл […]

“Kitapp” мобильді қосымшасы

“KitApp” мобильдік қосымшасы құндылықтарға негізделген білім беру, сондай-ақ “Оқуға құштар мектебі” жобасын іске асыру шеңберінде оқушылардың белсенді оқу дағдыларын қалыптастыруға атсалысу мақсатында әзірленді. Бұл қосымшаның көмегімен қолданушылар әдебиеттің әр түрлі жанрындағы шығармалардың электронды нұсқаларын оқуға, оқылған беттер мен кітаптардың есебін жүргізуге, жазбалар жазуға, кітаптарды талқылау мақсатында басқа пайдаланушылармен хат алмасуға мүмкіндік алады. Мұғалімдер мен мектеп […]