«Білім-Инновация» лицейлеріне құжаттар қабылдау басталды

«Білім-Инновация» лицейлері 2024-2025 оқу жылына оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлердің құжаттарын қабылдау науқанының басталғанын жариялайды. 2024 жылдың 1 ақпанынан бастап 12 сәуірге дейін жүргізілетін құжаттар қабылдау процесі толығымен онлайн режимде, атап айтқанда, bilemtihan.kz веб-сайты арқылы ұйымдастырылады.

Лицейге қабылдау емтиханы 2024 жылдың 12 мамырында өткізіледі. Емтиханға дайындық және құжаттар тізімі сияқты қажетті барлық ақпаратты bilemtihan.kz сайтынан алуға болады. Бұдан басқа, лицейлердің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі @bil.edu.kz парақшалары арқылы қосымша мағлұматтар мен жаңалықтарды қадағалауға мүмкіндік бар.