Әсет Қуандықұлы Әбдуалиев 1984 жылы 8 тамызда, ШҚО, Семей қаласында дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін халықаралық құқық мамандығы бойынша бакалавр дәрежін тәмамдаған. Chevening шәкіртақылық бағдарламасымен, Ұлыбританиядағы University of Dundee-де магистр дәрежесін алды. Сондай-ақ, жылдық студенттер алмасу бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Winthrop University-де білім алды.
Әсет Әбдуалиев еңбек жолын 2002 жылы бастады. Алматы қаласының спорттық жобалар дирекциясына, «Нұр Отан» ХДП саяси менеджмент мектебінің директоры қызметінен ауысып келді. Әр жылдары «Халықаралық бағдарламалар орталығының» вице-президенті, «Болашақ» бағдарламасының әкімшісі, ҚР Президентінің әкімшілігінде және халықаралық компанияларда жұмыс атқарған.
Әсет Әбдуалиев Орталық Азиядағы (Board of Trustees) America University of Central Asia-ның қамқоршылар кеңесінің мүшесі. 2014-2015 жылдары Хаба Global Shapers дүниежүзілік экономикалық форумының Астанадағы кураторы. «Shape Eurasia 2014» жастар форумының ұйымдастырушысы. Шетелдік оқу орындары түлектерінің қауымдастығы Astana Alumni Association мен TEDxYesil-дің негізін қалаушы.
https://bnews.kz/kz/persons/aset_kuandikuli_abdualiev
Просмотров страницы: 279