Бүгін, яғни, 29 маусым күні үміткерлердің «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейіне оқуға түсу үшін тапсырған емтихан нәтижесі, 1-кезең қорытындысы жарияланады.
Үміткердің ата-анасы (немесе басқа заңды өкілдері) www.bilemtihan.kz сайты арқылы нәтижелерін көре алады. Ол үшін Сізге үміткердің Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) және жеке код қажет болады. Жеке код – үміткердің емтиханға қатысу үшін ата-анасына жіберілген рұқсатнамасында (пропускта) көрсетілген.
Емтиханның 1-кезеңін аудандарда тапсырған үміткерлерде жеке код жоқ. Олар емтихан нәтижесін лицей әкімшілігінің байланыс нөміріне хабарласып, біле алады.
Сондай-ақ, үміткер конкурстық тапсырмалардың есептеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, Апелляциялық комиссия төрағасының атына http://tiny.cc/BILappeal2020 сілтемесі арқылы онлайн формада өтініш бере алады.
Апелляцияға өтініш тек 30 маусым күні Нұр-Сұлтан уақытымен 09:00-19:00 арасында қабылданады.
1-2 шілде күндері апелляция өткізу күндері болып белгіленді. Апелляция қорытындысы 1 шілде 10:00 мен 2 шілде 18:00 аралығында үміткердің ата-анасына онлайн түрде жіберілетін болады.
Просмотров страницы: 681