Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз!

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Қабылдау емтиханының 2-кезеңі тамыз айына шегерілді

Барша үміткерлерге және ата-аналардың назарына!

Өздеріңізге мәлім, «Білім-Инновация» лицейлері дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп болғандықтан, оқушыларды оқуға қабылдау конкурс арқылы жүзеге асырылады.

Осы орайда, ҚР Үкіметінің Ведомствоаралық комиссиясының Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының одан әрі таралуының алдын алу шаралары туралы 2020 жылғы 1 маусым күнгі  №1149-Д хаттамасының Қаулысы негізінде мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін емтихандар тек қана 18-23 маусым күндеріне рұқсат беріліп, 28 маусым күніне рұқсат берілмеді.

Яғни, Қор тарапынан қабылданған шешім емес екендігін айта отырып, «Білім-Инновация» лицейлеріне оқуға қабылдау емтиханының 2-кезеңі 2020 жылғы 15 тамыз күніне ауыстырылғандығын хабарлаймыз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністіктеріңіз үшін алғыс білдіреміз!

Просмотров страницы: 585

Серіктестер