Құрметті ата-аналар және үміткерлер!
«Білім-Инновация» лицейлеріне оқуға қабылдау емтиханының 2-кезеңі 18 тамыз күні өтеді!
Емтихан барлық лицейлерде Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Үміткер емтиханға қайта тіркеуден өтпейді, 1-кезеңге қатысу үшін берілген кіру қағазымен (пропуск) қатысады.
Егер кіру қағазы қолыңызда болмаса, құжаттарыңызды тапсырған лицейге хабарласыңыз. Лицей әкімшілігі Сізге қайтадан шығарып береді.
2-кезеңде үміткер математика және логика, қазақ тілі, қазақстан тарихы пәндерінен 75 тесттік сұрақтан тұратын емтихан тапсырады.
Емтиханға Үміткер өзімен бірге: медициналық маска; кіру қағазы (пропуск); қалам (көк және қара түсті) алып келуі керек.
Баршаңызға сәттілік!
Просмотров страницы: 436