Қазір – ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған шағын қадамдың өзі шалқыған даңғаза ұраншылдық пен үдере үндеушіліктен әлдеқайда маңызды.

Республикалық: 2924
Облыстық: 13536
Халықаралық: 4002
басты бетке

Құрметті ата-аналар, 6-сынып оқушылары!

“Білім-Инновация” лицейлеріне құжаттарды қабылдау рәсімі 2020 жылғы 15 мамыр мен 17 маусымға дейін онлайн түрде жүзеге асырылатынын хабарлаймыз! Пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермес үшін, үміткерлерді тіркеу онлайн түрде өтеді.

Үміткердің заңды өкілдері онлайн-форманы және www.bilemtihan.kz сілтеме бойынша қабылдау емтиханына қатысу өтінішін толтырады.

Қабылдау емтиханына қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет:
1)Үміткердің ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (форма бойынша);
2) туу туралы куәлігінің көшірмесі, ЖСН(ИИН);
3) фотосурет 3х4.

Құжаттардың түпнұсқалары талап етілмейді!

Қабылдау емтиханы 2 кезеңнен тұрады:
1-кезең. 2020 жылдың 18-19 маусым күндері өтеді. Бірінші кезеңде Үміткер математика және логика сұрақтары, қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәнінен тесттік сұрақтардан тұратын емтихан тапсырады. 1-кезең нәтижелерін қабылдау комиссиясы 2020 жылдың 29 маусымында онлайн түрде жариялайды. Ата-аналар сайтта өздерінің жеке коды бойынша нәтижелерін көре алады.

2-кезең. 2020 жылғы 15 тамыз күні өтеді. Оған 1-кезеңде қабылдау квотасы бойынша жоғары ұпай жинаған Үміткерлер жіберіледі. 2-кезеңнің емтихан тапсырмалары 1-кезеңдегі пәндер бойынша, 75 тесттік сұрақтан тұрады.

Құжаттарды қабылдау ғана ОНЛАЙН түрде өтеді. Үміткер қабылдау емтиханы кезінде “Білім-инновация” лицейлеріне келіп, емтихан тапсырмаларын орындайды. Қабылдау емтиханы кезінде барлық санитарлық талаптар мен оқушылар арасындағы қашықтық сақталып, тері антисептиктері көзге көрінетін және қол жетімді орындарда орнатылады. Баршаңызға сәттілік!

Просмотров страницы: 1139

Серіктестер