«INFOMATRIX» халықаралық компьютерлік жобалар байқауы

Әлемдегі ең үздік IT оқушылардың басын біріктірген «INFOMATRIX» халықаралық компьютерлік жобалар байқауы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.

«INFOMATRIX» байқауы Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында 20 мемлекеттен 5000 жуық қатысушы келді.

Үш күндік білім сайысында үздіктерге: «Қазақстан-Британ техникалық университеті» 3, «SDU University» 3 грант, 3 жеңілдік және «Алматы энергетика және байланыс университеті» орын алған барлық 11-сынып оқушыларына грант бөлді.