Информатика және география пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы

24-28 наурыз күндері Алматы қаласында өткен жаратылыстану және математика бойынша республикалық олимпиаданың география мен информатика пәндері бойынша соңғы кезеңі аяқталды. Бұл байқауға еліміздің әр түкпірінен келген 295 оқушы қатысқан болатын, олардың ішінен 135 оқушы жеңіске жетті.

Соның ішінде «Білім-инновация» лицейлерінің оқушылары информатика пәні бойынша 6 алтын, 12 күміс, 25 қола медаль иеленді. Барлығы – 43 медаль. Бұл көрсеткіш бүкіл медальдердің 65%-н құрайды.

Ал, география пәнінен – 6 алтын, 7 күміс, 14 қола. БИЛ оқушылары барлығы 27 медаль иеленген. Бұл көрсеткіш – бүкіл медальдердің 39%-ы.