Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен,
Оқитын келешекте бір-бір дастан.
Қарттар күніне орай, ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды қарттардың көңілін көтеріп, батасын алу үшін Қарағанды Қыздар Білім Лицейі оқушылары қарттар үйіне барып өнерлерін көрсетіп қайтты. Концерт барысында өнерлі қыздарымыз өлең оқыды, ән салып, би биледі. Отырған жұрт көздеріне жас алып, ризашылықтарын батасымен жеткізді.
Просмотров страницы: 518