“Kitapp” мобильді қосымшасы

“KitApp” мобильдік қосымшасы құндылықтарға негізделген білім беру, сондай-ақ “Оқуға құштар мектебі” жобасын іске асыру шеңберінде оқушылардың белсенді оқу дағдыларын қалыптастыруға атсалысу мақсатында әзірленді. Бұл қосымшаның көмегімен қолданушылар әдебиеттің әр түрлі жанрындағы шығармалардың электронды нұсқаларын оқуға, оқылған беттер мен кітаптардың есебін жүргізуге, жазбалар жазуға, кітаптарды талқылау мақсатында басқа пайдаланушылармен хат алмасуға мүмкіндік алады. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі сыныптар немесе мектеп бойынша апталық, айлық, тоқсандық есептер түсіре алады.

Қосымша қолданушылардың ұсынатын кері байланысы арқылы белсенді түрде жаңартылады. Бұл қосымша Google Play және App Store дүкендерінде қол жетімді.

Қосымша ақпаратты осы сайттан алуға болады: https://qundylyq.kz/.