“Мектебі бар ауылда тіршілік бар”

Жаңаөзен қаласының орта мектептерінде «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесін тарату аясында «Мектеп, оқушы, ата-ана» атты алтын үштіктің маңыздылығына байланысты «Отбасының рухани өзегі – ұрпақ сабақтастығы» атты облыстық ата-аналар форумы ұйымдастырылды. 

Форумның басты мақсаты – қоғамда саналы ата-ана мәдениетін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, бала құқығы және білімі, денсаулығы мен оның қауіпсіздігі сынды өзекті һәм өміршең тақырып қаузауға бағытталды.

Бұл іс-шараға “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” ХҚҚ вице-президенті Е.Аубакиров бастаған Қор мамандарынан құрылған бір топ әріптестеріміз, сондай-ақ білім беру және психология салаларының үздік мамандары да қатысып, өз білім мен тәжірибесімен бөлісті.

Асыл мұратты серт еткен татулық пен ізгіліктің жаршысы болуға бағытталған форумның аясы ары қарай кеңейе бермек.