Меморандум аясындағы мәмілелі кездесу

Таяуда бекіткен меморандум негізінде NIS мамандарын

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының басшылығы қабылдады.

Қос тараптың өзара тәжірибе алмасуы бірлескен жобаларға бағытталған. Мәселен, меймандарды «Білім-инновация» лицейлерінің ұлттық құндылықтарға негізделген білім беру жүйесі қызықтырды.

Оқыту тәсілі, академиялық білім беру һәм экожүйенің тармақтары аясында бекітілген кешенді жоспарлар, психологиялық, кәсіби бағдар бағытында атқарылған жұмыстармен сала мамандары таныстырды.

Екіжақты кездесу барысында Қор баспасынан шығарылатын оқулықтар мен кітаптар сыйға тартылды.

Мазмұнды дидарласу келешекте келелі һәм бірлескен жобаларға жол ашты.